Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітап және қаламгер»
11.05.2022

Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға қостанайлық автор Владимир Александрович Лоскутниковтың «Избранное» кітабын ұсынамыз.

Владимир Александрович Лоскутников – сөзді керемет меңгерген, кез келген тақырыпқа еркін және шынайы жаза алатын жарқын талант иесі болды. Ол жай ғана тарихтың терең білгірі, өзін қызықтыратын оқиғалармен айналысатын адам болып қойған жоқ, сонымен бірге өз Отанын сүйетін адам болды. Қостанай ол үшін жай ғана туған жер емес, оның кеңістігі, ғаламы, өзінің күрделі тағдыры да болды.

Владимир Александрович ең жарқын, талантты қостанайлық авторлардың бірі болғанына қарамастан, оның жарық көрген кітаптары болған жоқ. Назарларыңызға ұсынылып отырған жинақ Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК жанынан жұмыс істейтін әдеби орталықтың бастамасымен 2017 жылы жарық көрді. Жинақ төрт бөліктен тұрады: біріншісінде түрлі жылдары жазылған өлеңдер, екіншісінде сонеттер басылған, үшіншісі толығымен «Таскудук» атты үлкен өмірбаяндық повестке берілген, төртіншісінде таңдамалы прозалық шығармалар – әңгімелер, очерктер, естеліктер жинақталған.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=ZIGOF3-IuOA

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus