Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қос ішектің құдіреті»
28.04.2022

Америка бұрышында «Қос ішектің құдіреті» атты байқау өтті. Байқау ұлттық музыкалық аспаптарға, қазақ халық шығармашылығына, салт-дәстүрлерге деген қызығушылықты оятуға бағытталды. 

Байқауды А.Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі, Қостанай облысы меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты Әмірхамзин Наурызбай Хасенғалиұлы ашты.

Іс-шараға ҚӨУ студенттерінің мәдениет үйінің Қазақ халық аспаптар ансамблі қатысты. «Өнер» студиясының студенттері Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін орындады. Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің оқушылары Хамит Арайлым мен Базарбай Арсен Құрманғазының «Адай» және «Қара жорға» композициясын көпшіліктің назарына ұсынды.

Байқауға қатысушылар қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеу арқылы мәдени дәстүрлерді нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Көрермендер бұл байқаудың қазақ халық шығармашылығының жүректі тербер нәзіктігі мен кәсіби шеберлігін көрсететінін атап өтті. Байқау достық жағдайда өтті, барлығына алғыс хаттар табысталды. «Шалқыма» күйін орындағаны үшін Аяжан Алтайқызы Америка бұрышының естелік сыйлығымен марапатталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus