Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8 Марта
04.03.2022

Семенова Вера Григорьевна – мемлекет, партия және қоғам қайраткері, Қостанай қ. (1997) және Қостанай облысының (2017) құрметті азаматы.

1942 жылы Орджоникидзе ауданының Антонов ауылында Григорий Ильич Яцук пен оның әйелі Пелагея Федоровнаның көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкесі «бронда» болуына байланысты майданға алынбады, бірақ оның ұшқыш болған үлкен ұлы Николай бүкіл соғысты өтті, жарақат алды, ал екінші ұлы Иван 1943 жылы Беларуссияда қайтыс болды.

1948 жылы отбасы Комсомол ауданының Бөрлі ауылына көшіп келді. 1959 жылы Бөрлі орта мектебін бітіргеннен кейін Вера Григорьевна Есенкөл мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1960–1965 жылдары Қостанай педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқыды. Ол мектеп комсомол ұйымының хатшысы, кейін педагогика институтының комсомол комитетінің хатшысы болды. Одан кейін – ҚЛКЖО Қостанай облыстық комитетінің нұсқаушысы, оқушы жастар мен пионерлер бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚЛКЖО Қостанай қалалық комитетінің бірінші хатшысы, облыстық комсомол комитетінің бюро мүшесі. Осылайша ол қатардағы комсомол қызметкерінен облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысына дейінгі жолдан өтті. Вера Григорьевна –облысқа танымал болған «Романтик» комсомол активінің лагерін ұйымдастырушылардың бірі. 1975 жылы Қазақстан КП Қостанай қалалық партия комитетінің хатшысы болып сайланды. 1976 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін үздік бітірді. 1981–1984 жылдары Қостанай облыстық киноландыру басқармасы бастығының орынбасары болды. 1984 жылдың тамыз айынан 1990 жылға дейін – Қостанай кооперативтік техникумының директоры. 1990 жылдың қаңтарында ол халық депутаттары Қостанай қалалық кеңесі төрағасының орынбасары, ал 1992 жылдың наурызында төрағасы болып тағайындалды. 1993 жылдың желтоқсанынан 1994 жылға дейін Қостанай қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 1994 ж. наурызда Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы болып, Қостанай облысының өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты. 1999–2008 жылдары – Қостанай облысы әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы, гендерлік саясат мәселелерімен айналысты. 2008 жылғы 11 сәуірде құрметті демалысқа шықты, бірақ ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың барлық идеялары мен бастамаларын қолдай отырып, Қостанай облысының әлеуметтік саласының дамуына елеулі үлес қосуды жалғастырды. Мемлекеттік қызметте Вера Григорьевна 42 жылдан астам еңбек етті. 2012 ж. қаңтар айынан 2015 ж. мамыр айына дейін Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болды. Осы кезеңде Ұлы Отан соғысына қатысқан қостанайлықтарды еске алуға арналған  «Кустанайская область в годы Великой Отечественной войны: единство фронта и тыла», «Кустанайцы – герои тыла. Личный вклад» кітаптар сериясын шығаруға тікелей атсалысты. Ол – Қостанай облысы іскер әйелдер қауымдастығының кеңесшісі.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Құрмет» (2001 ж.) ордендерімен, көптеген медальдармен, естелік белгілермен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының, БЛКЖО орталық комитетінің, В. И. Ленин ат. бүкілодақтық пионер ұйымы орталық кеңесінің, Қазақстан ЛКЖО орталық комитетінің, облыстық Халық депутаттары кеңесінің, ҚР Парламенті Сенатының, Қостанай облысы әкімінің құрмет грамоталарымен, ҚР Президентінің, ҚазССР ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының, ҚР Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қостанай облысы және Қостанай қ. әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus