Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
А. Қ. Шаяхметтің «Сила слова», «Тәуба», «Жүрек сөзі» кітаптарының тұсаукесері
24.02.2022
23 ақпанда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында қостанайлық танымал ақын, драматург, көсемсөзші Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің кітаптарының тұсаукесері өтті.

Ақылбек Шаяхмет – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, көптеген әдеби байқаулардың жеңімпазы және лауреаты, Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының бірнеше дүркін лауреаты, 50-ден астам кітаптың авторы.

Тұсаукесерге көптеген оның талантын құрметтеушілер, қаламдас достары мен әріптестері, БАҚ өкілдері, қаланың оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Ақылбек Қожаұлын облыстық «Қостанай таңы» газетінің директоры – бас редакторы Жанұзақ Аязбеков, ақын және педагог Александра Ильинична Суслова, жазушы және баспагер Әбутәліп Әмір және тағы басқалар құттықтап, сөз сөйледі.

Ақылбек Қожұлы өзінің «Сила слова» кітабына эпиграф ретінде Л. Н. Толстойдың «Сөз – ұлы іс. Ұлы болатыны, сөзбен махаббатты оятуға болады, сөзбен дұшпандық пен жеккөрушіліктің отын тұтатуға болады» деген сөзін алған.

Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық кітапханасында өткен бұл тұсаукесер адамгершілікке, махаббат пен келісімге шақыратын сөздің күшін дәлелдей түседі.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus