Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әлемге әйгілі Виктор Гюго»
17.01.2022
Құрметті оқырмандар!

Сирек кітаптар мұражайы әйгілі француз жазушысы, ақын, драматург Виктор Гюгоның туғанына 220 жыл толуына арналған «Әлемге әйгілі Виктор Гюго» атты кітап көрмесін дайындады.

Гюгоның романтизмі адамға деген сүйіспеншіліктен сүйеніш тапты.  Өзінің романтикалық рухының қуатымен ол оқырманды бақытсыздыққа тап болған жандардың тағдыры үшін толғануға мәжбүр етеді. Гюго өз шығармаларында бейбітшілік идеясын кеңінен және шабыттана насихаттаған алғашқы француз жазушыларының бірі болды. «Біз нені қалаймыз? – дер еді Гюго. – Бейбітшілікті! Бірақ бізге тізерлеп және басымызды иіп жүретін, озбырлықтың, тепкінің, шонжарлардың шоқпарының астында жүретін бейбітшіліктің керегі жоқ. Бейбітшіліктің бірінші шарты – бостандық». Үнемі бейбітшілікті жақтайтын жалынды шешеннің сөздері қазір де өміршең. Оның бейбітшілікке шақырған үндеулері халықтардың соғыстарды болдырмайтынына сенім тудырады.  Оның шығармашылық күшінің қайнар көзі – оның демократиясы, отаншылдығы және адамгершілігі бүгінгі таңда да миллиондаған жандардың жазушыға деген ризашылығын тудырады. 

Көрмеге француз тіліндегі оның сирек кездесетін, соның ішінде көзі тірісінде жарық көрген келесідей басылымдары қойылған: «Человек, который смеется» в 2-х томах (1862 г.), «Отверженные» в 4-х томах (1862 г.), «Искусство быть дедом» (1877 г.), «Грозный год» (1880 г.), «Собор Парижской Богоматери» т.1, т.2 (1881 г., 1882 г.), «Альпы и Перенеи» (1890 г.).

Француз классикалық әдебиетінің барлық әуесқойлары мен құрметтеушілерін екінші қабаттың фойесінде орналасқан көрмемен танысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus