Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақтың 100 романы»
06.12.2021
Құрметті оқырмандар!

Абонементтер бөлімі назарларыңызға «Қазақтың 100 романы» сериясы» кітап көрмесін ұсынады. 

«Қазақтың 100 романы» сериясы оқырмандарға қазақ әдебиеті жайында ауқымды ақпарат береді. Бұл серияда Қазақстан әдебиетінде ерекше орын алатын қазақ жазушыларының 100 туындысы жарық көрді. Көрменің көрнекті жеріне М.Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» романы қойылған. Ғ.Мұстафиннің революция жылдарындағы қазақ халқының тағдыры туралы баяндайтын «Дауылдан кейін» шығармасы оқырман назарын аударады. Аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы туралы баяндайтын Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-дилогиясы да үлкен қызығушылық тудырады.  

Көрмеде ұсынылған кітаптар жастар арасында кітап оқуды насихаттауға, Қазақстан халқының тарихымен, мәдениетімен, өмірімен және тұрмысымен, салт-дәстүрлерімен танысуға ықпал етеді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus