Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұстаздықты таңдаған ғалым»
27.10.2021
27 қазан күні өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай облысының білім басқармасымен бірлесе отырып белгілі ағартушы, этнограф, ғалым Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Ұстаздықты таңдаған ғалым» атты портрет кешін өткізді.

Кешке белгілі ғалымдар, ақындар, жазушылар, педагогтар – Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, драматург, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, А.Байтұрсынов ат. Қостанай өңірлік университетінің профессоры Ақылбек Шаяхмет, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстаз, Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы Пиялаш Балтақызы Сүйінкина, экономика ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов ат. Қостанай өңірлік университетінің профессоры Сансызбай Мұхаметқалиұлы Жиентаев, КСРО ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, педагог Светлана Григорьевна Мачнева қатысты.

Кеш барысында Қостанайда ұлы ұстаздың туған күнін мерекелеуге арналған фильмнен үзінділер көрсетілді, сондай-ақ Қостанай облыстық қазақ драма театрының Алтынсарин туралы спектаклінен көрініс қойылды. Іс-шара қонақтарының орындауында оның өлеңдері оқылды.  

Фойеде педагог-ағартушының өмірі мен қызметіне арналған көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

#Qazaqstan30


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus