Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлт қамын ойлаған ұстаздар
01.09.2021
Құрметті оқырмандар!

Абонементтер бөлімінде жыл сайын 1 қыркүйекте атап өтілетін Білім күніне орай «Ұлт қамын ойлаған ұстаздар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Білім күні жаңа оқу жылының басталуын білдіреді және оқушылар мен студенттер, мұғалімдер мен оқытушылар үшін ең маңызды дәстүрлі мерекелердің бірі болып табылады.

Ұсынылған көрмеден сіздер педагогикалық шеберліктің негіздері туралы, жалпы білім беру мекемелерінде оқу үдерісін ұйымдастыру, балалармен тәрбие жұмысын жүргізу туралы ақпаратты қамтитын материалдармен таныса аласыздар. Назарларыңызға білімнің барлық салалары бойынша әдістемелік, ғылыми-көпшілік және анықтамалық құралдар, мектеп бағдарламасына көмекші құрал ретінде шығарылған жаңа әдебиеттер, көркем шығармалар мен мерзімді басылымдар ұсынылады. Олардың ішінде Ы. Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, Л. Н. Толстой, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, К. Д. Ушинский сияқты және т. б. әлемге әйгілі және көрнекті педагог-ағартушылардың еңбектері ерекше орын алады.

Барлық тілек білдірушілерді бір ай бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.  
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus