Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тіл – ұлттың айнасы»
27.08.2021
Құрметті оқырмандар!

Қыркүйек айында Қазақстан кезекті мерекені – еліміздің барша халқын біріктіретін және біздің бірыңғай қазақстандық азаматтық бірегейлігімізді көрсететін Қазақстан халқының Тілдері күнін атап өтеді. Оның негізінде біздің мемлекеттік қазақ тіліміз бен көпұлтты мемлекеттің мәдениеті, бірыңғай құндылықтар мен қазақстандық отаншылдық жатыр. 

Абонементтер бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында осы күнге арналған кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Көрмеге ел тілдері ұлтаралық келісім мен рухани ынтымақтастық құралы болып табылатынын және елдің көптілділігін айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Тіл саясаты туралы» тұжырымдама және «Тіл туралы заң» қойылған.  Сондай-ақ тілдің қалыптасу тарихы жайындағы Г. И. Исимбаеваның «Языковое самосознание и мотивация изучения языков» басылымымен, тіл саясаты жайындағы «Мемлекеттік тіл саясаты», «Государственная языковая политика» атты әдебиеттермен, егемен Қазақсанның мемлекеттік тілі туралы Д. Ысқақұлының «Тіл эпопеясы» кітабымен және т.б. басылымдармен таныса аласыздар. 

Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus