Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Халықтың күші – елдің бірлігінде»
30.04.2021

Құрметті оқырмандар!

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында әмбебап оқу залы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтың күші – елдің бірлігінде» этнофестивалін өткізді.

Этнофестивальдің мәдени бағдарламасы біртұтас мәдени кеңістікті кеңейту мен нығайтуға, ұлттық-мәдени дәстүрлерді, көп ұлтты еліміздің рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталды.    

Профессор, А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ философия кафедрасының философия ғылымдарының кандидаты Б. Х. Әлшанова, казак және славян әндері ансамблінің әншілері Светлана Обухова мен Наталья Пикулева, «Золотой Голос» татар әндері байқауының лауреаты Радик Вильдянов, Рагим Абилов жетекшілік ететін «Горцы Ахыска» кавказ билері студиясы, украина және поляк ЭМБ өкілі Валентина Крайчинская және басқа да шығармашылық ұжымдар қатысты.

Этнофестиваль қонақтарының назарына аталған тақырып бойынша кітап көрмесі, сондай-ақ облысымыздың этномәдени бірлестіктерінің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды.

Этнофестиваль бос уақытты пайдалы және мазмұнды өткізіп, этникалық музыка мен би өнеріне қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus