Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (мәдениет саласында)
28.12.2020

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: мәдениет саласында.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Кітапхана жұмысында  жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қолданылады.

3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Кітапхананың барлық қызметкерлерімен орындау үшін міндетті.

3.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қолданылуы мен орындалуына Кітапхананың барлық қызметшілері дербес жауаптылықта болады.

4. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында (мәдениет саласында) жұмыс істейтін тұлғалар тәртібінің (іс-әрекетінің) қағидалары:

4.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;

мүдделер қақтығысының пайда болуының әр мүмкіндігіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;

өз лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу мүмкіндіктерін пайдаланбау;

жоғары кәсіптік жұмыс үшін бар жігерін салуға, қойылған тапсырмаларды шешудің оптималды, үнемді және өзге де құзыретті тәсілдерін қолдану;

қызметтік міндеттерді нәтижелі орындау үшін ұдайы өз кәсіптік деңгейін және біліктілігін жетілдіру;

азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

лауазымдық өкілеттіктерін іске асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;

жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдаланбауға;

мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдаланбауға;

лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

4.2. Өз құзыреті аясында басқару және өзге де шешімдерді әзірлеу және қабылдауда:

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

жасырынды сақтау және қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету;

кәсіби (қызметтік) әдепті сақтау;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бейімдейтін жағдайлар жөнінде шұғыл жазбаша түрде Кітапхана басшысын, уәкілетті мемлекеттік органдарды хабарландыру;

лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;

жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

үшінші тұлғалардың мүдделерін ұсыну мен қорғаудан, яғни олардың атынан әрекет жасаудан тартыну;

әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ете алатын қарым-қатынастардың бекітілген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер мен әріптестерге және басшылыққа жүгінуден тартыну;

мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу;

жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеу;

өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

қызметтік ақпаратты және басқа да мемлекеттік мүлікті қызметтік әрекетіне материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыздандыруды қызметтік емес мақсаттарға пайдалануға жол бермеу;

мемлекеттік қызметкердің құзыретіне кіретін шешім шығару кезінде ешқандай материалдық игіліктер, қызмет көрсетулер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану, қызметтік міндеттерін алалықысыз және нарықы атқару, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;

4.3. Тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру;

өзінің лауазымдық өкілеттілігіне сәйкес функцияларды іске асыру;

қызметтік әдеп нормаларын сақтау;

бағынысты қызметкерлер мен басқа лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу деректерін болдырмау және жол бермеу;

мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы құқық қорғаушы органдарға (немесе) басшылыққа тез арада хабарлау.

5. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы заңының өзге талаптарын сақтау;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;

лауазымдық құзыреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолданбау.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus