Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Туған жерге деген сүйіспеншілікпен...»
06.11.2020

2020 жылдың 6 қарашасында онлайн режімінде Арқалық қ. ОКЖ кітапханалары күні өтті. Кітапханалар күнінің ашылуы музыкалық композициямен, билермен және дәстүрлі шашу шашумен басталды.

Орталық кітапхананың кітапханашысы Марал Мейрамбекқызы Мұқанова «Арайлы Арқалығым» виртуалды саяхатын өткізді. Одан кейін орталық кітапхананың ТжӘҰБ кітапханашысы Илензеер Наталья Игоревна «Кітапхана әлемі» тақырыбымен орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша онлайн экскурсия өткізді.

Әдіскер Досова Ажар Кенжеғарақызы және оқу залының кітапханашысы Мырзағалиева Жаңагүл Серікқызы «Чудо коллекция прикладного искусства» атты кітапханалық көрмеге шолу жасады.

Белгілі өлкетанушы, этнограф, Арқалық қ. құрметті азаматы, Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты Шөптібай Байділдинмен  болған «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» атты сұхбат-кездесу қызықты өтті, ол қаланың киелі жерлері туралы әңгімеледі.

«Тұлпарлар туған өлке» көрмесінің тұсаукесерін орталық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Дүйсенбаева Қырмызы Шаттыққызы өткізді.

Шара «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты музыкалық бағдарламамен жалғасты, онда кітапханашылар мен оқырмандар өз өнерлерін көрсетті.

Мереке кітапхана күнін  ұйымдастырушыларға Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК атынан алғыс хаттар тапсырумен аяқталды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus