Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Облыстық «Кітапханалар мен еріктілер: ынтымақтастық үлгісі» онлайн семинары
28.09.2020

2020 жылдың 28 қыркүйегінде Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК кітапханалардың еріктілер қозғалысына қатысуына арналған облыстық «Кітапханалар мен еріктілер: ынтымақтастық үлгісі» онлайн семинарын өткізді.

Кітапхана жұмысындағы заманауи үрдістер кітапханалардың еріктілермен жүргізіп жатқан түрлі бағыттағы жұмыстарынан көрініс табуда. Кітапханалар тұрғындарға бұл қозғалысқа қатысты ақпарат беріп қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыра отырып,  түрлі іс-шараларды, тренингтерді өткізу бойынша, еріктілерді оқыту бойынша түрлі жобаларды дайындай отырып оған өзі де белсенді қатысады.

Семинар Қостанай облысы жастар ресурстық орталығы жанындағы еріктілік секторының жетекшісі Милина Даниловна Третьяктің «Волонтерство для молодежи» баяндамасымен ашылды. Ол жастардың еріктілер қозғалысына қатысуы туралы айтып берді.

2018 жылдың қарашасында елімізде «Караван доброты» атты қайырымдылық байқауы бастау алды. Байқауды «Хабар» және «КТК» телеарналарының қолдау көрсетуімен ҚР тұңғыш Президенті қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды.  «Караван доброты» байқауының мақсаты қайырымдылық идеясын насихаттау, белсенді азаматтық бастаманы дамыту болып табылады. Жітіқара ауданының П. Чайковский ат. ауылының тұрғыны Владимир Андреевич Задонский «Караван доброты» 2-ші республикалық байқауының «Туған жер» аталымы бойынша лауреаты болды. Байқаудың лауреаты туралы «Волонтер по жизни» баяндамасында Жітіқара ОКЖ әдіскері Галина Дмитриевна Згоник айтып берді.

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланды және ол еріктіліктің жұрт арасында кең таралуын, сындарлы және мейлінше тиімді болуын көздейді.  Бұл қозғалыстың елімізде қалай дамып жатқаны туралы   «Акселератор добра» еріктілер қозғалысының үйлестірушісіДәмір Еркінұлы Өтебаев «Волонтерство как национальная идея» баяндамасында әңгімелеп берді. 

Денисов ОКЖ басшысы Некрасова Любовь Николаевна және  Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Сейіл Жұлдызай Есенбекқызы еріктілермен бірлесе жұмыс істеу тәжірибесі туралы бөлісті.

Еріктілер қозғалысына Қазақстан халқы ассамблеясы да белсенді қатысады. Семинарға Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілер орталығының төрағасы, Қостанай политехникалық жоғары колледжінің «Мейірімді жүрек» еріктілер тобының жетекшісі Анастасия Вячеславовна Пушкарева қатысты, ол еріктілермен жұмыс істеу кезінде жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту тәжірибесін ортаға салды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus