Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
ҚАЗАНАМА
15.07.2020

15 шілде күні белгілі қостанайлық ақын және аудармашы, біздің кітапхананың досы Әбдрахман Серғалиұлы Досов кенеттен өмірден өтті.

Әбдрахман Серғалиұлы – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көптеген халықаралық, республикалық және облыстық әдеби байқаулардың жеңімпазы және лауреаты, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, 6 кітаптың авторы. Ол үнемі Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК жанындағы әдеби орталықтың жұмысына қатысты, бірнеше рет кітапхана қабырғасында өз кітаптарының тұсаукесерін және оқырмандармен шығармашылық кездесулер өткізді. Әбдрахман Серғалиұлы тек біртума, өзіндік ерекшелігібар ақын ретінде ғана емес, сондай-ақ белгілі қазақ авторларының поэтикалық, прозалық және драмалық шығармаларының аудармашысы ретінде де танымал. Оның қостанайлық әдебиетіне қосқан үлесі маңызды және құнды, ал кітаптары кітапхана оқырмандары арасында сұранысқа, олардың махаббаты мен ілтипатына ие.

Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Әбдрахман Серғалиұлының туған-туыстарына, жақындарына және әріптестеріне шын жүректен көңіл айтады. Осы тамаша, талантты адам туралы естелік онымен қарым-қатынас жасау және жұмыс істеу бақытына ие болған барлық адамдардың жүрегінде, сондай-ақ оның шығармашылығының көптеген табынушылары арасында мәңгі қалады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus