Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Соғыс. Ерлік. Мәңгі есте»
22.06.2020

Әмбебап оқу залы назарларыңызға 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Соғыс. Ерлік. Мәңгі есте» кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.  Көрменің «Ұлы Жеңіс және қазіргі кезең», «Ешқашан өшпейтін мәңгі ерлік», «Ұлы ерлікті ұрпаққа жеткізген кітаптар» атты негізгі бөлімдері Ұлы Отан соғысында орын алған оқиғалардың барысы жайында баяндайды. Көрмеге барлығы 60 жуық басылым қойылған.

Бұлар Ұлы Отан соғысы жайындағы баға жетпес басылымдар, олардың ішінде келесідей кітаптар бар:

«Ер есімі – ел есінде. Мы помним, мы гордимся...» кітабы,  «Жеңіс! Победа!» фотоальбомы, Қазақстанның түрлі облысындағы көптеген адамдардың еңбектері туралы баяндайтын «Солдаты Победы. Казахстан в годы Великой Отечественной войны 1941–1945» кітабы, журналист Ж.Ибраевтің «Бауыржан Момышулы. Майдан жыры мен сыры. История одной книги» деректі повесі, майданда болған ұрпаққа көрсетілген құрмет ретінде шығарылған 3 томдық «Пламя Победы» кітабы.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс тақырыбы көрмеге қойылған басқа да басылымдардан көрініс тапқан.  Көрме ағымдағы жылдың маусым айының аяғына дейін жұмыс істейді.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=VUHvtMn51fY
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus