Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жеңімпаз жерлестердің ерліктері»
22.06.2020

1941 жылдың 22 маусымы тарихтағы ең қасіретті күндердің бірі. Еске алу және күйініш күні – Ұла Отан соғысының басталған күні. Бұл күн майдан даласында опат болғандардың, фашистердің тұтқынында азап шеккендердің, тылда аштық пен суықтан өлгендердің барлығын біздің есімізге салады. Біз сол бір сұрапыл жылдары Отанымызды қорғап қалу үшін өз өмірін қия отырып өзінің қасиетті парызын атқарғандардың барлығын қайғырып еске аламыз.

Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға 1418 күн мен түнге созылған және КСРО-ның 27 миллионға жуық адамын жоғалтқан Ұлы Отан соғысының қалай басталғаны туралы әңгімелеп беретін «Жеңімпаз жерлестердің ерліктері» кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.

   Көрмеге қойылған кітаптар шексіз ерлік туралы, адамдардың Отан үшін және өзіне қымбат және қасиетті дүниелердің барлығын қорғау үшін қандай ерлікке барғандары туралы айтып береді. Олар Ұлы Отан соғысының басталуы туралы көбірек білуге, өз елінің өткенін және оның әлемдік тарихтағы рөлін тереңірек түсінуге көмектеседі.

   Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=pSmrrYKCuOM
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus