>
Қазақша | Русский | English
Понедельник - Пятница -  с 09:00 до 20:00.
В воскресенье с 09:00 до 17:00.
Суббота и последний рабочий день месяца выходной.
Опрос Посетителей
Жакипбаев, Б. Е. Көбікті-қож-ситал және жылу оқшаулағыш көбікті шыны өндірісінің химиялық технологиясы [Мәтін] : монография / Б. Е. Жакипбаев. – Алматы : ADAL KITAP, 2023. – 95 б.
35.43
Ж 20
Жакипбаев, Б. Е. Көбікті-қож-ситал және жылу оқшаулағыш көбікті шыны
өндірісінің химиялық технологиясы [Мәтін] : монография / Б. Е.
Жакипбаев. – Алматы : ADAL KITAP, 2023. – 95 б.


Монографияда көбікті-қож-ситалл және жылу оқшаулағыш көбікті шыны өндіруде техногендік шикізатты пайдаланудың қазіргі жағдайы қарастырылады. Қазіргі уақытта құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі Қазақстанның құрылыс кешені қажеттіліктерінің бір бөлігін ғана қанағаттандыра алады, нәтижесінде құрылыс материалдарының барлық түрлері бойынша тапшылыққа жол бермей, импорттық өнім нарықтағы елеулі үлесті алады. Қож негізіндегі көбікті-қож-ситалын алу өзекті болып табылады және арнайы термиялық өңдеу нәтижесінде көбікті-қож-шыныларын кристалдандыру арқылы жүзеге асырылады. Алайда, көп жағдайда қож шынылардың кристалдануы көбіктену процесінде дамиды, өйткені әдетте кристалдану көбіктену процесінің барысын бұзады.
Домна қождар негізінен СаО, Si02, MgO, АЬ03, FeO оксидтерінен түзіледі. Ұнтақ әдісімен көбікті-қож-ситалл алу шыны ұнтағының көбіктену процесін сәтті бақылауға және қажетті құрылымы мен физика-химиялық қасиеттері бар көбік алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, ғылыми әзірлемелер мен инновациялық технологияларды жеделдетіп енгізу негізінде, сондай-ақ көбік шынысын алудың технологиялық процестерінің өзгеруімен технологиялық процестің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Монография «Химиялық технология», «Химия», «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы», «Құрылыс», «Экология», «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», «Металлургия» мамандықтары бойынша студенттерге, магистранттарға, PhD докторанттарға; ҒЗИ және ЖОО ғылыми қызметкерлері үшін арналған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Патриотические чтения
Яндекс.Метрика
Free counters!
Нашли ошибку? Выделите ее и нажмите "CTRL+Enter"

Вверх

X

X
X
Система Orphus