>
Қазақша | Русский | English
Понедельник - Пятница -  с 09:00 до 20:00.
В воскресенье с 09:00 до 17:00.
Суббота и последний рабочий день месяца выходной.
Опрос Посетителей
Ыстық көлемдік қалыптаудың технологиясы

34.53я7

М 37         

Мәшеков, С. Ә.

   Ыстық көлемдік қалыптаудың технологиясы [Мәтін] : оқу құралы. 2-бөлім / С. Ә. Мәшеков, А. С. Мәшекова. – Алматы : Альманах, 2017. - 159, [1] б.

 

Көптеген машинажасау зауытында қалыптау цехтары негізінде дайындаушы цехтар қатарына кіреді. Машинажасауды дамытудың негізгі міндетін шешкенде, ұсталық-қалыптау өндірісін ары қарай дамытуды металл шығының, еңбек сыйымдылықты азайтумен және бұйым сапасын жоғарылатумен байланыстырады.

Ұсталық-қалыптау өндірісі, жоғары өнімділікті және жасайтын соғылманың жақсы сапасын қамтамасыз ететін дайындаманы және тетікті жасаудың негізгі бір әдістері болып есептеледі. Бұл жасалатын соғылманың, ягни тетіктің жоғары механикалық қасиетімен және дайындаманың дәлдігімен байланысты. Осы соғылмалар машинаның ең жауапты түзілімінде қолданылады (иінді білік, бұлғақ, тістегеріш, т.б.).

Оқу құралында айналмалы дене тіпті соғылмаларды айналмасоққышта ыстықтай қалыптағанда қолданылатын технологиялық үрдісті есептеудің әдістемесіне ерекше көңіл бөлінген. Жабық қалыптау қазіргі кезде ең үдемелі дамушы технология болып есептеледі, ал айналмалы дене типті соғылмалар қазіргі машинажасау кәсіпорнының көбісінің атаутізімінде қалыптайтын соғылмалардың жалпы санының 30-40 %-ын құрайды.

«Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы», «Металлургия», «Машинажасау» және басқа техникалық мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының бакалаврларына арналған. Жоғары оқу орындарының магистранттарына, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және инженер-техникалық қызметкерлеріне, металлургиялық және машинажасау өндірісі кәсіпорындарының инженерлеріне пайдалы болуы мүмкін.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Патриотические чтения
Яндекс.Метрика
Free counters!
Нашли ошибку? Выделите ее и нажмите "CTRL+Enter"

Вверх

X

X
X
Система Orphus