Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жұртбай, Т. Толық адам
83.3(5Қаз)5
Ж 82
Жұртбай, Т.
Толық адам [Мәтін] : Абайдың ішкі (батин) әлемі: әдеби-салыстырмалы рисала. 2-кітап : Бір кемел / Т. Жұртбай. – Алматы : Атамұра, 2023. – 272 б. : сурет.


Абайдың ішкі (батин) әлеміне арналған «Бір кемел» атты екінші кітап – Абайдың сыртқы (заһир) әлеміне арналған «Сол шыншыл: Хақ және Жалғыз» атты іргелі зерттеудің тікелей жалғасы болып табылады. «Ақыл азығы – Мағрифат» бөлімінде: Жаратқан мен шексіз Жаратылысты «жүрегіңде кір қалдырмай» шәксіз тану, сол арқылы толық адамнан – кемелдікке өту барысындағы тән мен жан, «жүрек айнасы», ар-ождан мәселесі талданады. «Иман азығы – Ақихат» бөлімінде: мәңгі бақилық Дидарғайып ғұмырдың ең соңғы нұр әлемі (арсы-күрсі), Жаратылыстың түпкі түйіні – Ақихат сатылары Абайдың көзқарасы арқылы сараланады.
Сондай-ақ «Ақыл мен Жан – мен өзім, тән менікі...» атты үшінші бөлімде Абайдың жан мен тән туралы философиялық-психологиялық ілімді қамтитын пікірлері арғы-бергі дүние оқымыстыларының ойларымен және бүгінгі зәррелік-кванттық ілім жетістігінің нәтижелерімен салыстырыла отырып пайымдаулар жасалған.
Олар, Абай айтқандай, «бірдің де, мыңның да», тіпті жүз мыңның да үлесіне тие бермейтін, даналарға тән таным баспалдағы.
Бұл – абайтану ілімінде бұрын мүлдем қаперге алынбаған әдістемелік талдау. Соған орай, Абайдың таным көздері туралы жаңа деректер мен дәйектер де бар.
Кітап абайтанушылар мен қоғамтану ғылымы саласының мамандарына және жалпы көпшілік қауымға арналған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus