Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ер қазақ

83.3(5Қаз)7

С 31

Сейсенұлы, Д.
    Ер қазақ [Мәтін] : деректі хикаялар, екі бөлімді драма және сұх-бат әңгімелер / Д. Сейсенұлы. – Алматы : Полиграфкомбинат, 

2020. – 392 б.

 

Хакім Абайдың 175 және Алаш арыстарының ардақтысы атанған әкесі Мұхамедхан Сейітқұловтың 150 жылдығына орай оқырман назарына ұсынылып отырған бұл кітапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғалым, ақын-драматург һәм жазушы, аудармашы, педагог Қайым Мұхамедхановтың  (1916-2004) өмірі, сталиндік жүйенің куғын-сүргініне тап болған қилы тағдыры баяндалады.

Қайым бір кезде құлып салынған туған халқының мәдениеті мен ғылымының тұтас бір дәуірін, сан жүздеген қолжазбалар мен шығармаларды зерттеп, олардың авторларын нақтылап, жарыққа шығарды. Соның бәрі қазірде егемен елдің ғылыми-мәдени және рухани мұрасы болып табылады. Жас Қайымның «Алдымда ақын Абай – Темірқазық» атты поэмасы мен «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деп басталатын Қазақ ҚСР әнұранындағы ойлары мен идеялары өз өміріндегі, ғылымдағы, адамдарға де­ген қарым-қатынасындағы берік ұстанымына айналды. Жоғары деңгейдегі рух пен ерлік, жан мен ар тазалығы, бойындағы туа біткен талант ғалымды халқына қалтқысыз қызмет етуге алып келді. Аса ұлағатты ұстаз дәрежесіне көтерілген ол мыңдаған студенттерді оқытып, тәрбиеледі. Қайымның өнегелі өмір жолы бүгінгі жастар үшін де рухани тірек, алдарында бағыт-бағдар көрсететін темірқазық болып табылады.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus