Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақ халқы және ата тегі

28.71

С 52

Смағұлов, О. 
    Қазақ халқы және ата тегі [Мәтін] : кешенді физикалық антропология а
нықтамаларға негізделген : (ж. с. XX ғ. – XX ғ. дейін) / О.Смағұлов, А. Смағұлова. – Алматы : Арна, 2020. – 472 б. 

 

Бұл еңбекте алғаш рет қазақ халқының Отан тарихы көпсалалы кешенді морфо-физиологиялық және популяция-генетикалық ерекшеліктеріне негізделіп, яғни соматологиялық (антропоскопия, антропометрия, дене пропорциялары, май бүрмелері), одонтологиялық (тұрақты тіс құрылымы), серологиялық (қан жүйелері, дәм сезімдері), дерматоглификалық (алақан мен саусақ бедерлері), краниологиялық (бас сүйек құрылымы), остеологиялық (қаңқа сүйектерінің анықтамалары) және палеоантропологиялық зерттеу нәтижелері бойынша толығымен қамтылып жазылды. Бүгінгі Қазақстан жерінде мекен еткен көне заман тұрғындарының үзіліссіз нәсіл-тек жалғастығының көрінісі бүгінгі қазақ халқының морфофизиологиялық құрылымында оның түп-тұқымынының антропологиялық ерекшеліктері байырғы Қазақ атамекенінің қола дәуірінен бастап (ж.с.д., XX ғ. ) кешегі XX ғасырға дейінгі, яғни 40 ғасыр бойы, айтарлықтай деңгейде сақталып қалғаны баян етіледі. Бұл – палеоантропологиялық пен краниологиялық құрылымдарды өзара тоғыстыру арқылы және көпсалалы кешенді ғылыми анықтамалар бойынша айғақталады. Қазақ халқы өзінің ата-бабаларының жері мен елінде тұрақты тұрып жатқаны, оның 4 мың жылдық физикалық антропологияға негізделген этномәдени, лингвистикалық және діни байланыстарының тарихи бірлігінің барлығы бұл еңбекте ғылыми тұрғыдан толық дәлелденіп отыр. Сонымен қатар бұл монографиялық еңбек­те қазақтар мен Еуразияның кейбір түркі тектес халықтарының этноантропологиялық байланыстарына да жаңадан бетбұрыс жасалды.

Байырғы Қазақ атамекені мен Қазақ Елі тұрғындарын көпсалалы антропологиялық зерттеуден алынған негізгі нәтижелер сандық және сапалық көрсеткіштерге негізделген кестелер, карталар, дендограммалар, комбинациялық полигондар, графиктер мен суреттер арқылы нақтыланып берілді.

Кітап антропологтар мен тарихшы ғалымдарға, биологтарға, дәрігерлерге, генетиктерге, археологтар мен этнограф-этнологтарға және лингвистерге, сонымен қатар қазақ халқының биология мен этномәдени тарихын жан-жақты білгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus