Жалпы оқу залы секторы
Жалпы оқу залы секторының кітап қоры білімнің барлық саласын қамтыған. Онда жаратылыстану, техника, медицина, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әдебиеттер ұсынылған. Қордың едәуір бөлігін анықтамалық басылымдар: сөздіктер, анықтамалықтар мен энциклопедиялар құрайды. Ашық кітап қорында қазақ, орыс және басқа тілдерде 53000 аса кітап қоры бар.
Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК Қостанай облысындағы мерзімді басылымдардың ең ірі қор ұстаушысы болып табылады. Қордағы ҰОС кезеңінен келе жатқан ең ескі газеттерге: «Правда», «Сталинский путь», «Большевиктік жолы» және т.б. жалпы оқу залы секторы арқылы тапсырыс беруге болады. Сектор жыл сайын білімнің барлық саласы бойынша қазақ, орыс тілдерінде 100 аса түрлі газеттер мен журналдарды жаздырып алады.
Халықаралық кітаптар секторы
Халықаралық кітаптар секторында баспа өнімдері мен электрондық материалдарды қамтитын әлем халықтарының тілдеріндегі әмбебап қор бар. Пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстар мен дерекқорларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі, сондай-ақ шетел тілдеріндегі ақпаратты іздеуде консультациялық көмек көрсетіледі.
Сектор АҚШ-тың мәдениеті, тарихы мен әдебиеті туралы ақпарат ұсынады, мәдени іс-шаралар: көрмелер, шығармашылық кездесулер, тақырыптық кештер өткізеді. Ағылшын тілін оқыту және «English Time» ауызекі сөйлеу клубының жұмысы ұйымдастырылады, оның шеңберінде әңгімелесулер, пікірталастар, оқулар, драмалық қойылымдар өтеді және кинолар қаралады. АҚШ-тың шәкіртақы төленетін білім беру бағдарламалары бойынша кеңестер беріледі.
Сектор Қостанай облысының этномәдени орталықтарымен бірлесе жұмыс істейді. Қазақстандағы АҚШ елшілігі, Қостанай қаласындағы Француз мәдени-білім орталығы, Неміс тілі орталығы сектордың серіктестері болып табылады.
Ақпараттық-сервистік қызмет көрсету және мерзімді басылымдар секторы
Әмбебап оқу залының ақпараттық-сервистік қызмет көрсету және мерзімді басылымдар секторы келушілерге консультациялық, ақпараттық және сервистік қызметтер көрсетеді. Бөлім оқырмандарға білім алумен және жеке жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік беретін интернет-ресурстарға қолжетімділігі бар компьютерлік жұмыс орындарымен жабдықталған.
Пайдаланушыларға өз беттерінше, сондай-ақ кеңесшінің көмегімен ақпарат іздеу, құжаттарды сканерлеу, қағазға басып шығару қызметтері ұсынылады. Сектор Қазақстан мен ТМД елдерінің заңнамасы бойынша өзекті материалдарды қамтитын «BestProfi» ақпараттық-анықтамалық құқықтық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
«BestProfi» жүйесіне сұраныстың артуы сервис туралы хабардарлықтың артуымен байланысты: ресурс туралы ақпарат кітапхананың әлеуметтік желілерінде тұрақты орналастырылады, бұл пайдаланушылар аудиториясының кеңеюіне ықпал етеді. Халықтың әртүрлі санаттары арасында құқықтық ақпаратты жедел алуға тұрақты қызығушылық байқалады.
Кітапхананың әлеуметтік желілерде белсенді болуы келіп жүрген және келуі мүмкін пайдаланушыларды бұқаралық іс-шаралармен, кітап көрмелерімен және баспа жұмысымен таныстыруға мүмкіндік береді. Онлайн қызметтер мен электрондық дерекқорларға жылдам қол жеткізу қажеттілігінің артуы кітапхананың Wi-Fi аймағына қосылулардың көбеюіне ықпал етті. Цифрлық белсенділіктің артуы кітапхананың имиджін нығайтады, аудиторияны кеңейтеді және оның белсенділік деңгейін арттырады.
Цифрлық бастамалар
Секторда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Компьютер әліппесі» жобасы аясында компьютерлік сауаттылық мектебі жұмыс істейді, оның негізгі мақсаты – компьютерлік дағдылар мен интернет-технологияларды үйрету арқылы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қазіргі ақпараттық қоғамға бейімдеуге жәрдемдесу. Оқыту курстары тегін өткізіледі.
Жұмыс тәртібі:
жұмыс уақыты – сағат 0900 – 2000
маусым, тамыз айлары – сағат 0900 – 1800
демалыс: сенбі
тазалық күн – айдың соңғы күні
бөлім меңгерушісі – Бекбулатова Ботагөз Исмағұлқызы
эл.пошта: fdokument@mail.kz
байланыс телефоны: 502-527; 500-363