Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шекарасыз поэзия» - Қостанай мен Челябі жазушыларының онлайн кездесуі
04.05.2018

4 мамырда Л. Н. Толстой ат.  Қостанай ОӘҒК мен Челябі ОӘҒК арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде және«Шекарадағы кездесулер» халықаралық жобасы аясында Қостанай мен Челябі жазушыларының үстіміздегі жылы жоспарланған алғашқы онлайн кездесуі болып өтті.

Ресей жағынан кездесуге Ресей Жазушылар одағының Челябі бөлімінің басқарма төрағасы О. Н. Павлов, Ресей Жазушылар одағының Челябі бөлімшесінің басқарма мүшесі П.Корякин, ЧОӘҒК жанындағы кітап оқу орталығның жетекшісі, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Н.Пшеничная және т.б. қатысты.   

Қостанайлық авторлар қатарында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор А. Қ. Шаяхмет, педагог, жазушы А. И. Суслова, қоғам және кәсіподақ қайраткері, ақын А. С. Денисов, кітапханашы және жазушы А. В. Олексюк, оқытушы, ақын В. Демидович, ақын және кітапханашы С. В. Маньшина болды.

Қатысушылар өздерін және шығармашылықтарын таныстырып, келешектегі ынтымақтастықтың болжалды бағыттары туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, біздің әдебиетшілеріміз 2018 жылдың қазанында Южноуральскіде өтетін кітап жәрмеңкесіне шақырту алды. Барлық ұсыныстарға мұқият талдау жасалатын және олар келешектегі ынтымақтастық аясында одан ары дамытылатын болады.  

Аталған шара Қостанай мен Челябі облыстары арасындағы мәдени байланысты нығайта, олардың тұрғындардың рухани қажеттілігін қанағаттандыра, Қазақстан мен Ресей әдебиетшілерінің достық қарым-қатынасын дамыта, әдеби орталықтардың танымал авторлармен және шығармашыл жастармен жүргізетін жұмыстарымен, сондай-ақ баспа және жобалық жұмыстар саласындағы тәжірибелерімен таныстыра беретін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus