Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Дархан даланың данышпандары
17.04.2018

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы жалғасып жатыр. әмбебап оқу залының кітапханашылары 13 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев ат. Қостанай академиясында «Дархан даланың данышпандары» әдеби кешін өткізді. Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын А. Қ. Шаяхмет және педагог С. П. Багдасарова шақырылды.

Қонақтар 2018 жылдың басты шығармалары туралы және оқырманымен өзінің сырымен және мұңымен бөлісетін авторлар туралы әңгімелеп берді.

Араб, парсы және орыс тілдеріндегі әлемнің рухани жауһарларын өз бетінше оқып үйренген Шәкәрім бізге даланың ойшылы, данышпаны ретінде көрінеді. Бауыржан Момышұлының кітаптары отаншылдыққа тұнып тұр, олар ел тарихындағы соғыс жанрына жазылған алғашқы әдеби шығармалар болды. Немат Келімбетовтың кітабында ойды жеткізетін сөздің қуаты мен кемелдігі анық аңғарылады.

2018 жылы жалпы халықтық оқу үшін үш кітап: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шығармалары», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармалары таңдалғанын естеріңізге саламыз.

Кітапхана оқырмандарын және қала тұрғындарын акцияға қосылуға және осы бір тамаша кітаптарды оқып шығуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus