Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Әдеби десант 14.03.2018 | 13 наурызда Л. Н. Толстой
ат. ОӘҒК әдеби-ақпараттық бөлімі Алтынсарин ОКЖ бірлесе отырып «Әдеби десант»
жобасы аясында кезекті кездесу өткізді. Бұл жолы Силантьев ауылының
тұрғындарымен кездесуге А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры, философ, эссеші Юрий
Яковлевич Бондаренко келді. Ол жиналғандармен қуана-қуана әңгіме-дүкен құрды,
тіпті кейбір тілек білдіргендерге жекелеген философиялық нақылдарды
жалғастыруды ұсынды. Юрий Яковлевич ауыл адамдарына өзінің әуестікпен
айналысатын істері жайында, әдебиеттің адам өміріндегі маңызы мен алар орны
туралы, адамның өмірдегі өз орнын іздеуі жайында әңгімеледі. Қонақ ауыл
кітапханасының кітапханашылары дайындаған «Тағдырдың жұмбаққа толы жолы» кітап
көрмесіне ризашылығын білдірді. Кездесу шараға қатысқандарының барлығының
көңілінен шығып, бір-біріне ризашылықтарын білдірісті. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|