Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ел жүрегі - Астана» кітап көрмесінің тұсаукесері
26.01.2018

25 қаңтарда әмбебап оқу залында Отанымыздың астанасының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесері өтті. 

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның астанасы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістігімізді әлемге әйгілеп, еліміздің өсіп келе жатқан қуаты мен оның келешектегі даму әлеуетінің жоғары екендігін көрсетіп келеді.  Қазіргі кезде астана – Қазақстандағы барлық оң бастамалар мен қайта құрулардың көшбасшысы. Астана дамуға серпін береді, республиканың барлық өңірлері үшін тартылыс орталығы болып табылады.

Кітап көрмесінің ашылуына қаламыздың белгілі мемлекеттік қайраткерлері, саясатшылары мен шығармашылық тұлғалары: «Қостанай облысының мәдениет басқармасы» ММ басшысы Е.Б.Қалмақов, «Қазақстан» РТРК АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Е. Т. Мұхамеджанов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Н. Мұқатов қатысты.  Барлық сөз сөйлеген қонақтар Астананың мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың адами және саяси ерлігі екендігін атап өтісті. Ел Президентінің Астананың дамуына үнемі қамқорлық жасауы оның Еуразияның тұрақты дамып отыратын ірі, заманауи және бәсекеге қабілетті қаласына айналуына мүмкіндік берді.

Көрменің тұсаукесері концерттік-музыкалық нөмірлермен сүйемелденіп, ақын Н.Мұқатов пен ҚМПИ студенттері Астанаға арналған өлеңдер оқыды. 

Көрме тұрғындарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге, қала халқы мен қонақтарының Отанымыздың астанасының тарихы туралы, оның жетістіктері мен көрікті жерлері жайындағы білімдерінің арта түсуіне ықпал ететін болады.

Барлық тілек білдірушілерді «Ел жүрегі - Астана» кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. Көрмеге қойылған материалдар жыл бойы жүйелі түрде жаңартылып отырылатын болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus