Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, І.Омаров ат. Қостанай облыстық қазақ драма театрының актерлері Қонысбек және Зәмзәгүл Бегайдаровтардың шығармашылық кеші.
17.11.2017

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК  2017 жылдың 15 қарашасында І.Омаров ат. Қостанай облыстық қазақ драма театрының актерлері Қонысбек және Зәмзәгүл  Бегайдаровтардың шығармашылық кеші болып өтті.

Қонысбек Бірманұлы халықаралық, республикалық театр фестивальдарының лауреаты, сахнада 60-тан астам рөл сомдады.   Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері. 1996 жылы М.Әуезовтың "Қаракөз" және  С.Мұқановтың "Абай"  спектакльдеріндегі  басты рөлдерді үшін  «Ең үздік ерлер рөлі" номинациясы бойынша екі мәрте жеңімпаз болды.  2009 жылы  әртіске "ҚР еңбек сіңірген қайраткері" құрметті  атағы берілді.

Зәмзәгүл Жүсіпқызы Қостанай қазақ театрында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді.  Талантты актриса әрі әнші 40-тан астам басты рөлдерді ойнады. Өзінің белсенді шығармашылық қызметі үшін  бірнеше рет алғыс хаттармен  марапатталған.  «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері.

Шараға қатысушылар үшін актерлердің спектакльдердегі ойындарын бейнелеген фотосуреттер, олардың шығармашылығы жайындағы газеттер мен журналдарда жарияланған мақалалар және театр өнері жайындағы кітаптар қойылған «Өмірдегі театр мен театрдағы өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кездесу көрермендермен сұхбат түрінде өтіп, шара қонақтары өздері туралы, отбасы жайында, атақты актерлердің жұмыстағы тәжірибесі мен тағы басқа көптеген дүниелер жайында әңгімелеп берді. Қонақтардың әңгімесін беріле тыңдаған көрермендер өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. Кездесу соңында актерлер «Цилиндр» трагикомедиясынан үзінді ойнап беріп, жиналғандарға алғыстарын білдірді және театрда жақында болатын спектакльге шақырды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus