Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Болашақ үшін ұмытуға болмайтын оқиға
30.05.2017

«Тарихымыздың қаралы кезеңін, саяси қуғын-сүргін және

аштық құрбандарын ұмытпау, ол туралы келер ұрпаққа жеткізу

халқымыз үшін қасиетті борыш болып қала бермек». 

                                                                                                     Н. Назарбаев

 

Жыл сайын 31 мамыр күні Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Осыдан 20 жыл бұрын «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңның қабылдануы және Еске алу күнінің бекітілуі қоғам үшін зор саяси және адамгершілік маңызы бар шара болды. Ендігі уақытта болашақ ұрпақтың өткеннің қасіретті сабақтарын ұмытпауы үшін қолдан келгеннің барлығын жасау біздің міндетіміз болып табылады.

         Абонементтер бөлімінде осы датаға арналған кітап көрмесі жұмыс істеп тұр. Көрменің басты орнына деректі материалдар негізінде жарық көрген кітаптар қойылған, олардың ішінде саяси қуғынның құрбаны болғандардың барлығына арналған ескерткіш, 1930-1950 жылдар аралығында Қостанай облысының аумағында саяси айыппен атылғандардың барлығының тізімі енгізілген «Азалы кітап - Книга скорби» кітабы,  Ғ.Н.Мәулетовтың жерлестерімізге арналған «Үрей мен үміт - Страх и надежда» және «Замана. Времена» кітаптары, Бейімбет Майлинның қайғылы тағдыры жайында баяндайтын Т.Бейісқұловтың «Беймбетті атқан кім» деректі эссе-толғанысы, сондай-ақ В.Галиевтің халықтың санасын  селк еткізген Міржақып Дулатов жайындағы «Ұлтты оятқан кітап» кітабы, Қ.Сәрсекеевтің «Честь и совесть нации или раздумья о жизни и творчестве Ахмета Байтурсынова» кітаптары бар. «Красный террор: из истории политических репрессий в Казахстане» деректі материалдар жинағы, М.С.Бесбаевтің «Лихие времена» монографиясы, «Красный террор» деректі материалдар кітабы, «Страницы трагических судеб» саяси қуғынға ұшырағандардың естеліктер жинағы және т.б. да оқушының қызығушылығын тудыратын туындылар болып табылады.

           Оқырмандар назарына ұсынылған кітаптар сол кезеңдегі адамдардың үкіметке қарсы істер ешқандай айласының болмағанын және ауыр жағдайға тап болғанын анық және толық түсінуге мүмкіндік береді. 

Кітап көрмесі жұмысын 2017 жылдың 5 маусымына дейін жалғастырады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus