Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бестаудың бел баласы» кездесу кеші
18.05.2017

17 мамырда Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханада кәсіпкер және ғалым Ибраш Естаевтің 70 жасқа толуына арналған «Бестаудың бел баласы» атты кездесу кеші өтті. Қостанай облысының танымал диқандарының бірі, білім беру ісінің үздігі және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, экономика ғылымдарының кандидаты Ибраш Естаев өмірден жинаған тәжірибелері мен жеткен жетістіктерін ортаға салды. 

Мерейтой иесін өңірімізге белгілі Серікбай Оспанов, Ғұмар Ахметчин, Аманжол Күзембаев, Әсия Беркенова, Нағашыбай Мұқатов, Ақылбек Шаяхметов, Оразалы Жақсанов секілді жазушылар мен ақындар, сондай-ақ атақты композитор Қалибек Деріпсалдин құттықтады.

Шара фотокөрсетіліммен сүйемелденіп, И.Естаев жайындағы бейнесюжет көрсетілді, тақырыптық кітап және фотокөрме безендірілді.

Шараға қаланың жоғары оқу орындарының студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus