Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қош келдің, Әз-Наурыз!
15.03.2017

Әз-Наурызды бүкіл шығыс халқы, оның ішінде біздің қазақ халқы әр жыл сайын асыға күтеді. Алда келе жатқан Наурыз мейрамының қарсаңында ұлттық құндылықтарымызды сақтап, әрі насихаттау мақсатымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!» шарасы аясында әмбебап оқу залы «Көктем аруы» байқауын өткізді. Мәдени-танымдық сайыс түрінде өткен байқауға А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай педагогикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық колледжі секілді іргелі оқу орындарынан таңдалған арулар бақ сынасып, ұлттық болмысымызды көрермен қауымның және қазылар алқасының назарына паш етті.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Жұмабай Жанар еншілесе, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Ақылбек Алмагүл бірінші орыннан көрінді. Ал екінші және үшінші орындарды Қостанай гуманитарлық колледжінің студенті Әнуарбек Балжан мен Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Сейдахметова Ализа иеленді.

Ұлттық дәстүрлерімізді сахналау, жөн-жоралғылар мен ырымдарға түсінік беру секілді кезеңдердің басын құраған шара жастардың танымы мен талғамдарын шыңдауына ықпал етті деп айтуға болады.

Шараны өткізуге демеушілік жасаған «Шаңырақ-Қостанай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Балапанова Қарлығаш Әлиханқызы және «Тэрра» шаруа қожалығының басшысы Семейкин Владимир Иванович пен облыстық мәслихат депутаты Байғабылов Алтынбек Өсербайұлына алғысымыз шексіз!Аталмыш шараға қыздарымыздың өнеріне жанкүйер болып, әр сайыс кезеңінде қолдау көрсеткен шығармашылық топтарға да ерекше алғысымызды білдіреміз! Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей жүрейік! Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus