Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Табысты тұлғалар оқығанды ұнатады»
26.01.2017

Заман үрдісіне сай мамандық түрлері кең ауқымды қамтып, түрлі қызметтермен толыға түседі. Сондай дамыған мамандықтың бірі - журналистика. Жалпы тілшілік қызмет қоғамның ең маңызды саласы. Журналистердің арқалағаны – алтын, жегені – жантақ деген де сөз бар. Сірә, осы бір сөзден аталған мамандықтың жауапкершілігі мен қиындығынан хабар беріп тұрғанын байқау қиын бола қоймас. Тілшілік тіршіліктің туын жықпай нағыз журналист атануда үлкен мәртебе, үлкен еңбек. Өйткені күн сайын пайда болатын жаңалық атаулыны қарапайым халыққа дәл, әрі тез жеткізудің өзі аса ұқыптылықты қажет етеді. Мұндай қызметтің ерен үлгісін көргіңіз келсе, кәсіби маманның тәжірибесіне зер салу қажет-ақ. Себебі, табысты адамның да, бақытты жанның да образы өз кәсібін меңгерген, еңбекқор жаннан ғана байқалады.

«Табысты тұлғалар оқығанды ұнатады» жобасы аясында кітапхананың қонақжайында «Телевизиялық жыл адамы» лауреаты, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі,  мықты журналист, үлгілі жан Айбек Ибраевпен кездесу өтті.

Іс-шарада Айбек Ибраев журналистика саласы жайлы, оның қызығы мен ауыртпалығы, бүгінгі таңда жастардың тілшілік саласында жасап жатқан зор істерін де айта кетті. Кездесуге автордың әріптестері, сонымен қатар А.Байтұрсынов ат. ҚМУ гуманитарлық-әлеуметтік факультеті «Журналистика» мамандығының және Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері келіп қатысты. Студенттер авторға ой елегінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алады.

Кеш соңында Айбек Ибраев кітапхана ұжымына, келген студенттерге, әріптестеріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus