Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Универсиада 2017 – спорт және достық мерекесі
23.01.2017

2017 жылы Қазақстанда әлемдік деңгейдегі қызықты және маңызды оқиғалар өткелі отыр. Солардың бірі 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда өтетін XXVIII қысқы универсиада болмақ. Спорт додасына 50 елден 5000 жуық студент қатыспақ.  Өз елдерінің намысын қорғайтын спортшылар спорттың 12 түрінен сайысқа түсетін болады.

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жастардың алдағы спорт мерекесіне арнап мерзімді басылымдардың «Универсиада 2017 – спорт және достық мерекесі» атты көрмесін ұйымдастырды.   

Көрме оқырмандарға қысқы универсиадаға қатысты құнды деректер беріп, спортшыларымыздың жарыс барысындағы нәтижелері туралы хабарлап отыратын болады.

Мерзімді басылымдар көрмесі қаңтар айының 23-нен ақпанның 26-на дейін жұмыс істейді.

Барлығыңызды көрмемізді тамашалауға, универсиадалар тарихымен және қазақстандық спортшылардың жетістіктерімен танысуға шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus