Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Екатеринбургтегі кітапхана блогерлерінің VI бейКонференциясы
22.11.2016

    Кітапханашыларды кертартпа адамдар ретінде көретін түсінік баяғыда-ақ жоғалған. Қазіргі кездің кітапханаларында өзінің өмірін көп функционалды телефонсыз, планшетсіз, сымсыз интернет-желісінсіз көз алдына елестете алмайтын жас және белсенді адамдар жұмыс істейді.

    Мұны 21-22 қарашада Екатеринбургтегі В.Г.Белинский ат. кітапханада өткен кітапхана блогерлерінің VI бейКонференциясы (дәл осылай, «бей» қосымшасымен) көрнекі көрсетіп берді. Ол «Кітапхананың online жағдайындағы жұмысы: негізгі өндірістік құралдар» деген тақырыппен өтті және шараға интернет арқылы қосылғандарды санамағанда 60 адамның басын қосты.  Конференцияға тікелей қатысқандардың ішінде Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері де болды.

    В.Г.Белинский ат.  СОӘҒК директорының орынбасары Е.С.Гармстың айтуы бойынша, шараны әдейі «бейКонференция» деп атаған, себебі ол теориялық мәселелерді қарастыруды мақсат етпеген, тек тәжірибені күнделікті жұмыс барысында қолданылып жататын әдістермен және амалдармен толықтыруды көздеген.  

    БейКонференцияға Ресейдің Орал өңірінен, сондай-ақ Ленинград, Киров, Новосібір, Самар, Томск облыстарынан, Татарстан мен Чувашиядан мамандар келді. БейКонференцияға Қостанай ОӘҒК мамандарының қатысуынан шара халықаралық мәртебеге ие болды.  

    Бағдарлама өте ауқымды және мол болды, көптеген: әлеуметтік желілердегі тіл мәдениетінен бастап кітапханашы-блогерлердің құқықтық сауаттылығына дейінгі, SMM-жарнама стратегиясынан бастап мәдениет мекемесінің беделі мен атағына кір келтірмеуге дейінгі түрлі мәселелер қарастырылды.

     БейКонференция барысында қызметті ұсыну, брендті жарнамалау, SMM-технология, медиялық жоспарлау, копирайтинг, коммуникация психологиясы бойынша шеберлік сыныптары, сондай-ақ кәсіби интернет-ресурстарға шолу ұйымдастырылды.

    БейКонференцияның материалдарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://conference.uraic.ru/Section/2016-11-21-materialy  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus