2016 жылдың 11 қарашасында
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Басшылық мектебі» аясында «Құқықтық білім мектебі»
тақырыбымен сабақ болып өтті.
Сабаққа облыстық, қалалық және
аудандық ОКЖ директорлары мен бухгалтерлері қатысты.
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК
директоры Дариға Төребайқызы Дүйсебаева өзінің баяндамасын кітапханадағы іс
жүргізуге арнады. Ұйымның қаржылық жұмыстарындағы мәселелер бас бухгалтер
Зульхича Шафаисовна Рахметованың
баяндамасында талқыланды.
Облыстық ОКЖ келген
әріптестеріміздің көп қойған сұрақтарының бірі кітапханадағы аттестацияны
өткізу туралы болды. Кадрлар жөніндегі инспектор Айгүл Жақсылыққызы Эргашева
жиналғандарды мемлкеттік мәдениет ұйымдарындағы азаматтық қызметкерлерді
аттестациядан өткізудің ережесі мен талаптары келтірілген ҚР заңнамалық
актілерімен таныстырып өтті.
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК КДБ
сектор меңгерушісі Галина Аркадьевна
Бурцеваның баяндамасы кітапхана жұмысын
жоспарлаудағы және есеп берудегі мәселелерге арналды.
Күнтізбеге атаулы күндер
мен оқиғалар тізімін қалай таңдау керектігі жайында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК АББ
меңгерушісі Ботагөз Мұқатайқызы Әлкебаева айтып берді.
Басшылық мектебінің
сабағы Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Туған жерім – тал бесігім» байқауының қатысушыларын
марапаттаумен аяқталды.
|