Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхана – ерекше адамдарға арналған ашық ақпараттық кеңістік» облыстық семинары
22.11.2016
2016 жылдың 22 қарашасы күні Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Кітапхана – ерекше адамдарға арналған ашық ақпараттық кеңістік» семинары өткізілді.

Семинар кітапхананың ақпараттық орталық және мәдени-демалыс мекемесі ретінде сұранысқа ие болу үшін не істеуі керек,  мүгедектермен жұмысты қалай жүргізуі керектігі жайында болды. 

Кітапханалардың міндеті – қолда бар құралдардың, ең алдымен ақпараттық ресурстардың көмегімен денсаулығында кемістігі бар, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік ортаға енуіне көмектесу. Бұл жұмыстарды атқару барысында кітапханалар мүгедектермен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдар мен мекемелердің жәрдеміне жүгінеді.

Мүгедек балалар аналарының «Радуга» қоғамдық бірлестігінің жұмысы туралы бірлестіктің президенті Н.Н. Колоскова айтып берді, оның баяндамасының тақырыбы – «Ата-аналар атқарар іс жетерлік».

Психолог А.В. Петрякова қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандарға төзімділікпен қарауын қалыптастыру туралы әңгімеледі.

         Семинардың жұмысына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының инклюзивті, арнайы білім беру бөлімінің жетекшісі Н.Л. Величко қатысты.

Ерекше күтімді қажет ететін адамдарға қызмет көрсету – облыс кітапханаларының жұмысындағы басымдық берілетін жұмыстардың бірі. Оқырмандардың бұл санатымен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыты оларға ақпараттық қызмет көрсету және бос уақыттарын ұйымдастыру болып табылады. Облыс кітапханаларындағы ерекше адамдарға қызмет көрсету  туралы Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК КДБ ДБ бас әкімшісі Г.Х. Әмірхамзина әңгімелеп берді.   

Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы облыстағы мамандандырылған жалғыз кітапхана болып табылады. Зағиптарға арналған кітапхананың басты міндеті – зағип жанды шығармашылық жұмысқа тарту, кітаптың көмегімен көңіл күйін көтеру, жігерін жану, сабырлы болуына көмектесу. Бұл жұмыстарды қалай жүргізіп жатқандары туралы ОКНКААК библиографы О.В. Чепак «Арнайы кітапхананың жанарынан айырылған жандарды ақпаратпен қамтамасыз ету барысында оңалту технологияларын қолданудағы рөлі мен орны» баяндамасында айтып берді.

Қазіргі кездің балалар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі балалардың өміріне араласуын біртіндеп арттырып келеді. Ы. Алтынсарин ат. облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жұмысы туралы кітапхана әдіскері А.Л. Видершпан айтып берді. Баяндамасының тақырыбы – «Шекарасыз кітапхана»: бір жобаның тарихы».

         Рудный қаласындағы кітапханалардың мүмкіндігі шектеулі жандармен қалай жұмыс істеп жатқандығы туралы №6 кітапхана-филиалдың меңгерушісі О.А. Епихина өзінің «Жұрт назары ерекше оқырманда» баяндамасында бөлісті.

 Алтынсарин ОКЖ мүмкіндігі шектеулі жандармен жүргізілетін жұмыс тәжірибесі туралы Алтынсарин ОКЖ әдіскері Е.В. Жукова «Кітап сөресіндегі мейірімділік» баяндамасында айтып берді.

1985 жылдан бері Әулиекөл АОК аудандық соқырлар қоғамымен бірлесе жұмыс істеп келеді. «Сұхбат» оқырмандар клубы құрылған. Әулиекөл АОК қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы З.Г. Байрамгулова зағип жандармен жұмыс істеу тәсілі және «Сұхбат» клубының тарихы туралы әңгімеледі. 

        Кітапханалардың мүгедектермен жұмыс істеу кезінде қолданатын жұмыс түрлері әр пайдаланушыға жеке көмек көрсетуге ғана есептелмеген.  Олар сондай-ақ бейресми қатынасқа және мүгедек оқырманның өзін өзгелерден кем сезінуін жеңе білуіне көмектесуге бағытталған. «Кітапхана кедергісіз ортаны қолдайды» баяндамасында Жітіқара ОКЖ директоры Ә.А. Жұмағұлова мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатысуымен өткізілетін мәдени-әлеуметтік шаралар жайында айтып берді.

 Науырзым ОКЖ  директоры М.Қ. Ермағамбетова «Біз басқамыз, бірақ қасыңда боламыз» тақырыбына баяндама жасады.

         Семинарға қатысушыларға «Әлемді айқын ету: кемтар жандарға кітапханалық қызмет көрсету» кітапханалық көрмесі ұсынылды.

Семинардың жұмысына пайдаланушылардың аталған санаттарымен жұмыс істейтін қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылып, барлық қатысушыларға жіберілетін болады
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus