Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жұрты мен жерін сүйген жерлестер
01.11.2016

Халықаралық кітаптар бөлімі Қостанай облысының 80 жылдық мерейтойына арнап татарлар мен башқұрттардың «Дуслык» ЭМО бірлесе отырып «Ердің атын еңбек шығарады» атты тақырыптық кеш өткізді. 

Аталған кездесу – жастарға арналған үндеу, өзіңмен бірге тұрып жатқан барлық халықтармен тату-тәтті өмір сүру туралы өсиет, көп ұлтты қазақстандық қоғамда төзімді болу туралы талап, еліміздің гүлденуі үшін өзінің үлесін қосу жайындағы тілек болды.

Шараның қонақтары ретінде Қостанай облысының білім беру саласының дамуына және нығаюына елеулі үлес қосқан және өздерінің барлық өмірін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және оларға білім беруге арнаған Ф. Н. Сиразетдинова, М. Г. Мазитова, С. С. Сиит секілді кәсіпқой педагогтар шақырылды. 

Шара барысында Қостанай облысының құрдастарына құрмет көрсетілді. Капкаевтар отбасы кітапханаға «Башқұрт халқының 400 халық әні» кітабын тарту етті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus