Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Винилді күйтабақтар тарихы
26.10.2016

26 қазанда Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер бөлімі винилді күйтабақтардағы қазақстандық композиторлардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Винилді күйтабақтар тарихы» атты шара өткізді.

Күйтабақтың ХХ ғасырдың басты символдарының бірі болғандығына көпшіліктің келісетіні анық. Уақыт өте келе аталған ақпарат тасығыштың орнына кассеталар мен ықшам дискілер келгеніне қарамастан оның әлі де болса жер бетіндегі бағалаушылары мен құрметтеушілері жетерлік.  Өнер бөлімінің қызметкерлері барлық музыканы сүйетіндерге олардың өзгеге ұқсамайтын дыбысын естіп, музыка саласындағы өткенімізді еске түсіруді ұсынды.

 Кештің бірінші бөлігі дыбыс жазу өнерінің өмірге келу тарихы мен дамуына арналды. Шараға келгендерге осы бір тамаша өнер жайындағы бейнефильм көрсетілді.

Кештің екінші бөлігінде көрермендер саналы ғұмыры Қазақстанда өткен музыкатанушы, композитор және коллекционер Наум Шафер жайында ақпарат алды. Бұлардан басқа ол күйтабақтардың ең ірі коллекцияларының бірін жинады. Бұл туралы да бейнесюжет көрсетілді.

Шара соңында «Рябинушка» вокалды тобының орындауында (әншілер - Людмила Лукянова және Эльдар Сергазин) музыкалық шығармалар шырқалды.

Шараға әскери бөлімнің оқу орталығының курсанттары, сондай-ақ көптеген музыканы ұнатушылар қатысты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus