Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әдеби альманахтың тұсаукесері
23.06.2016

Қостанайлық автор, жаңадан бастап жүрген баспагер Әбутәліп Әмірдің жеке бастамасымен қазақ тілінде жазатын қостанайлық 20 астам автордың жұмыстары енген «Тобыл Торғай тоғысып» әдеби жинағы жарыққа шықты. 

16.06. конференция залында аталған кітаптың тұсаукесері болып өтті. Шараға қатысқан авторлар: ҚР ЖО мүшелері    Ғ. Ахметчин, С. Оспанов, А. Шаяхмет, Н. Мұқатов, Ж. Арғынбаев, айтыскер ақындар Ә.Беркенова, Ә.Орманшина, ақын-аудармашы Ә. Досов,  жас авторлар Н.Құлабаев, Е.Қалмақов, Ж.Жүсіпбеков және басқалары құрастырушы және баспагер Ә.Әмірге ризашылықтарын білдірісіп, мұндай өлкелік сипаттағы басылымдардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аса маңызды екендігін және жергілікті авторлардың әдеби шығармашылығын насихаттауға көп көмегін тигізетінін атап өтісті.

Кездесу барысында авторлар сындарлы сұхбат құрысып, өңірдің әдеби өміріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. 

Музыкалық құттықтау ретінде ҚР Композиторлар одағының мүшесі Қ.Деріпсалдин С.Оспановтың «Айлы түнде» атты өлеңіне жазған әнін орындады. 

Шараға шақырылған Қостанай облыстық ІІД оқу орталығының тыңдаушылары танымдылығы мол, сондай-ақ қостанайлық авторлардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік берген кездесу үшін алғыстарын білдірді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus