Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
20 ЕЛДІҢ АҚЫНДАРЫ ҚАТЫСҚАН АКЦИЯ
09.06.2016

Александр Сергеевич Пушкиннің туған күні қарсаңында Расул Ғамзатов атындағы Хасавюрт орталық қалалық кітапханасының мамандары түрлі елдің адамдарын атақты ақынның өлеңдерін өз тілдерінде оқуға шақырды. Бұл акция өткен жылғы күзде «Орыс әлемі» қорының бастамасымен дүниеге келген «Пушкинді түрлі тілде оқимыз» атты  интернационалдық жобасының аясында өтті.

Хасавюрт кітапханашыларының үндеуіне олардың әріптестері, сондай-ақ Ресей Федерациясының 6 өңірі мен 19 мемлекеттің педагогтары мен қоғам қайраткерлері үн қатты. Поэтикалық марафонға қатысушылардың саны 37 адам болып, орыс сөзінің атасы атанған ақынның өмір сүрген санына сәйкес келді. Өлең оқушылар негізінен көркем әдебиетті жанына серік еткен және оны өмірлік құндылық деп бағалаған жас адамдар болды.

26 тілде цифрлық нұсқаға түсірілген Пушкин шығармалары түрлі интернет-ресурстарға қойылған. Роликтердің барлығының бірдей техникалық тұрғыдан жоғары деңгейде дайындалмағандарына қарамастан, олардың әрқайсысы А.С.Пушкиннің шығармашылығына деген құрметтің жер шарының кез келген жерінде бар екендігінің куәсі бола алады. 

Біздің кітапханамыз да аталған акцияға қатысып, өзінің бейнеролигін жолдады, оны төмендегі сілтеме бойынша көруге болады:

 

https://www.facebook.com/HasLibrary/videos/1052302044836524/?pnref=story

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus