Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ақылбек Шаяхметтің мерейтойы
06.06.2016

Биыл қазақстандық белгілі ақын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, ақын, драматург, филология ғылымдарының кандидаты, Медиа-орталығының директоры, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры және кітапханамыздың досы әрі жанашыры Ақылбек Шаяхметтің туғанына 65 жыл және шығармашылықпен айналысқанына 50 жыл толып отыр.

Е.Өмірзақов ат. облыстық филармонияда ақынның мерейтойына арналған шығармашылық кездесу болып өтті. Еліміздің түрлі түпкірінен Ақылбек Қожаұлын құттықтау үшін қазақстандық танымал авторлар келсе, солардың ішінде ҚР Мемлекеттің сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғарин, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдік, жас ақын Марғұлан Оспанов және т.б. болды.   

Облыс әкімінің орынбасары М.Жүндібаев облыс басшысы А.Б.Мұхамбетовтың құттықтау хатын оқып беріп, естелік сыйлықты табыс етті. Қаламдастары, шәкірттері, дос-жарандары тарапынан көптеген құттықтаулар мен тілектер айтылды. Демалыс күні болғанына қарамастан филармонияның залы келушілерге толы болды.

Кездесуге келгендер фойеде безендірілген «Туған жерім, ең асыл, қасиетті сақтап жүрмін бір сөзді саған деген...» кітап-зат көрмесін асқан қызығушылықпен тамашалады. Көрмеге үкіметтің марапаттары, көптеген дипломдар мен грамоталар, автордың 40 астам кітабы, мерзімді басылымдар, мерейтой иесі жайындағы материалдар қойылды. 

Ақылбек Шаяхметтің шығармашылығын құрмет тұтатындар оның жаңа кітаптарын қолтаңбасымен бірге сатып алуға мүмкіндік алды.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus