Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қаламы – қарымды қаламгер»
25.05.2016

Л. Н. Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада әмбебап оқу залы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қостанайдағы өнер тақырыбын өз деңгейінде жазып жүрген журналистердің бірі әрі бірегейі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қостанай облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты, академик Оразалы Отынбайұлы Жақсановтың 60 жылдық мерейтойына  арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты шығармашылық  кеш болып өтті.

Салтанатты басқосуды Мәдениет басқармасының бастығы Л. А. Сероус құттықтау сөзбен ашып, журналистің өмірдегі жолы мен қоғамдағы орнына қысқаша тоқталып өтті. Ұжым атынан алғыс сезімін білдіріп, сый - сияпатын тарту етті. Бұдан соң Оразалы Отынбайұлының қаламгерлік қыры жайлы өрбіген тамаша тілектерге кезек берілді. Сөз кезегін      ізгі тілегін білдіріп, кеш иесіне құрметпен шапан жабу рәсімін жасады.

 Шығармашылық кешті Е. Өмірзақов атындағы филормония әншісі М. Қадыров әсем әнмен жалғастырды.

«Қаламы – қарымды қаламгер» атты кітап көрмесі мен презентация ұсынылды. Көрмеге автордың еңбектері және құрмет мадақтама 36- ға жуық кітаптар қойылды. Көрме келуші қонақтар мен оқырмандардың назарына ұсынылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus