Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жас ақындардың кездесуі
06.04.2016

Қазіргі кезде жас ақындардың «Ақ қауырсын» клубының жас талаптар арасындағы танымалдылығы артып келеді  және әр кездесуде жаңа есімдер шыға бастады. Клубқа 30 қатысушы тіркелген. Жас авторлардың шығармашылық бірлестігі барлық жаңадан және бұрыннан жазып жүрген авторларды Әдеби қонақжайда жексенбі күндері өтетін түрлі талқылауларға, шеберлік сыныптарына және т.б. шақырады.

Жас ақындардың шығармашылығын насихаттау мақсатында кітапхананың жиналыс залында 05.04 күні «Жастар жырлайды» атты музыкалық-поэтикалық кеш болып өтті. Шара барысында әдеби жұмыстың сан алуан бағыты көрсетілді. Көптеген республикалық, облыстық әдеби байқаулар мен айтыстардың лауреаттары – А.Байтұрсынов ат. ҚМУ 2 курс студенті Нұрсұлтан Қасым мен ҚМПИ 3 курс студенті Нария Ақбаба кездесудің басты кейіпкерлері болды. Өздерінің өлеңдерін оқыған, айтысып та үлгерген, музыкалық нөмірлер де орындаған жас авторлар кездесуге келгендердің сұрақтарына жауап бере отырып өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге тырысты.

Кездесуге келген белгілі қостанайлық ақындар, ҚР ЖО өкілдері: Н.Мұқатов пен Ғ.Ахметчин жастарға ақылдарын айтып, игі тілектерін білдірді, өздерінің өмірден көргендерімен бөлісіп, орын алған қызықты оқиғаларын ортаға салды және өлеңдерін оқыды.

Жастарға қолдау білдіруге тәлімгерлері, курстастары, клуб мүшелері мен барлық поэзияны сүюшілер келді. Құттықтаулар айтылып, тілектер білдірілді, әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Өзара түсіністікпен өткен кездесуде кеудені шабыт кернеді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus