Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Актер және қуыршақ
02.03.2016

26 ақпан күні кітапхана фойесінде көз үйренген суреттер мен мүсіндер көрмесінен ерекше көрменің ашылуы болды. Көрмеге келген көрермендер мұндағы қуыршақ тетарының кейіпкерлерін – қуыршақтарды көріп таң-тамаша қалды. «Актер және қуыршақ» деп аталған бұл көрмені Өнер бөлімі Қостанай облысындағы қуыршақ театрының құрылғанына 30 жыл толуына арнап әдейі ұйымдастырды. Көрменің ашылуына жиналған көпшілік қауым – студенттер, мектеп оқушылары, театрдың жанкүйерлері қуыршақ театрының жалпы тарихы туралы және соның ішінде Қостанай облысындағы қуыршақ театры туралы әңгімені қызыға тыңдады. 

Шығармашылықпен айналысып келе жатқан бұл тамаша ұжым қаламызда 1986 жылы пайда болды. Ол А. Садовскоийдің «Машенька и медведь» спектаклімен ашылды. Тұрақты көремендер Толстой көшесіндегі 150 орындық көрермендер залы бар әдемі ғимаратты әлі күнге естеріне алып жүреді. 1999 жылы Қостанай облыстық қуыршақ театры Горький ат. Қостанай облыстық орыс драма театрымен біріктірілді. Алайда барлық қайта құрылулар мен көшулерге қарамастан қуыршақ театры өзінің күйі мен көрермендерін жоғалтқан жоқ. Оның шығармашылық «қоржынында» 40 астам спектакль бар, оның көпшілігі облысымыз бен еліміз атынан фестивальдерге қатысты, бірнеше рет лауреат және дипломант болды. 2012 жылы театр көптен күткен жеке ғимаратқа ие болды және қазіргі уақытта Перронный көш. 20 ғимаратта көрермендерін қуантып келеді.

Театрдың директоры Николай Владимирович Михерский мен көркемдік жетекшісі, «Мәдениет қайраткері», «Сахна шебері» құрмет белгілерінің және халықаралық  «Ортеке» қуыршақ фестивалінің «Мамандыққа адалдығы үшін» арнайы дипломының иегері, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты Геннадий Евгеньевич Иванов театрдың құрылуы және дамуы барысында есте қалған оқиғаларын ортаға салды, оның жетістіктері жайлы әңгімелеп берді.  Себебі мақтануға тұрарлық жетістіктер жетерлік, атап айтқанда: 2002 ж. Алматы қ. өткен І Республикалық қуыршақ театрында «Приключения Светлячка» спектаклі жоғары марапат – Гран-приді иеленді; 2006 ж. Челябі қ. өткен І Халықаралық қуыршақ театры фестивалінде Николай Дворскийдің «Соломенный жаворонок» спектаклі арнайы сыйлыққа ие болды;  2007 ж. Ақтау қ. өткен  І  Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театры фестивалінде режиссерлер Д.Құсайынов пен Х.Бөлебековтың «Нужно быть нужным» спектаклі І дәрежелі дипломмен марапатталды; 2015 ж. Қостанай қ. өткен IV Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театры фестивалінде «Лисёнок-плут» спектаклі дипломмен аталып өтілді.

Сондай-ақ шараны жүргізген театрдың актерлері – Варвара Латыпова мен Ирина Корниенконың шеберліктері жиналғандардың қызығушылықтарын арттыра түсті.  Көпшілікпен қарым-қатынас барысында олар кейбір кәсіби құпияның шетін шығарып қана қоймай, спектакльден қысқа үзінділер келтіре отырып түрлі қуыршақтың мүмкіндіктерін де көрсетті.

Театр сапарларға жиі шығып, қайырымдылық шараларын да өткізіп тұрады, сондықтан да көрермендер оларды қалада да, қашықтағы ауылдарда да, интернаттар мен балалар үйінде де асыға күтеді. Негізінен жастардан құралған жас та талантты бұл ұжымның келешегі зор екендігі даусыз.

Қостанай облыстық қуыршақ театрының тарихы атаулы оқиғаларға толы және келешекте ұжымды көптеген шығармашылық жеңістер күтіп тұрғанына сенімдіміз!  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus