Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жаһанша Досмұхамедов – Қазақ автономиясының бірінші басқарушысы.
11.02.2016

Л. Н. Толстой ат. облыстық кітапхана «Жаһанша Досмұхамбетов – ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылараның көсемі» плейкастын ұсынады.

http://www.playcast.ru/view/9499764/93f3d8a5d6dcbde5851ef2cb5d0c2e58cae3f37fpl

Жаһанша Досмұхамедов Жымпиты ауданының (қазіргі Сырым) Бұлдырты а. Қарақұдық бөлімшесінің № 3 ауылында 1887 ж. көшпенді малшы Досмұхамедтің (Досмағамбеттің) отбасында туған.

Әке-шешесі ұлдары Жаһаншаның білім алғанын қалайды да, оны Бұлдырты ауылындағы орыс-қазақ мектебіне береді.

Ауылдың мектебін бітіргеннен кейін Жаһанша  білім алуын жалғастыру үшін Жымпиты ауылындағы бір сыныптық орыс-қазақ училищесіне түседі. 

Жаһаншаның білім игерудегі қабілетін ескере отырып училище басшылығы оны Оралдағы әскери реалдық училищесіне жіберуге кеңес береді. 

1905 ж. Оралдағы әскери реалдық училищесіндегі оқуын аяқтағаннан кейін жігерлі жас Ж.Досмұхамедов білім алуын жалғастыруға тырысады. Ұзақ ойланғаннан кейін Жаһанша Санкт-Петербург императорлық университетінің заң факультетіне түсу жайында шешім қабылдайды.

Ж.Досмұхамедовтың университеттегі оқуының басталуы 1905-1907 жж. революциялық оқиғалармен тұспа-тұс келді. 

1905-1907 жж. Ресей революциясы қазақ даласындағы ұлттық қозғалыстың өсуіне өз әсерін тигізді.  2015 ж. 25 шілдесінде Қарқаралы қаласының жанындағы Қоянды жәрмеңкесінде кейін «Алаш» партиясының негізін құраған ұлт зиялыларының ұйытқы болуымен қазақ съезі өтеді.

20 ғ. басында ел аумағын тұтас қамтыған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқанға дейін Ж.Досмұхамбетов патшаның сот органдарында жұмыс істеді және маңызды мемлекеттік қызметтер атқарды. Алғашқыда қылмыстық бөлім хатшысының және бітістіруші соттың көмекшісі міндетін атқара жүріп Орал округтық соты жанындағы сот лауазымына кандидат болып қызмет етті,  1912 ж. жазында Орал сот палатасы жанындағы лауазымға аға кандидат етіп ауыстырылады және Барнаул уезінің 10-бөлімшесінің бітістіруші сотының міндетін атқару үшін сапарға жіберіледі. 1913 ж. осы лауазымға Змеиногор уезінің 1-бөлімшесіне ауыстырылады, 1913 ж. күзінде «прокуратураға көмек көрсету үшін» Барнаул қ. шақыралады, ал 1914 ж. наурызында Каин уезі бойынша Томск сот округі прокурорының орынбасары болып тағайындалады. Томск сот округі прокурорының орынбасары болып істей жүріп ол саяси жер аударуларға бақылау жасады және іс жүзінде әділет генералы шенін иеленеді.

Ресей заңдарын жетік білу, адалдығы мен шыншылдығы Ж.Досмұхамбетовтың атағын шығарды. Ж.Досмұхамбетовтың аты елге де жетіп жатты. 1915 ж. шыққан  «Томск губерниясының естелік кітабына» Томск губернаторының тапсырысы бойынша губернияның көрнекті қайраткерлерінің есімдері енгізілген. Оның «Прокурорлық бақылау» бөлімінде Ж.Досмұхамбетовтың есімі де тарихта қалдырылған.

Ресей самодержавиялық империясының күйреуіне алып келген Ақпан революциясы бостандыққа, теңдік пен демократияға ұмтылған барлық халықтардың болашағына жол ашты. Бұл кезең бұрынғы қоғамдық қатынастар бұзылу кезінде пайда болатын құбылыс секілді қазақтың бетке ұстарларының саяси және ұлттық санасына ықпал етпей қоймады.

Сол кездегі маңызды міндеттердің бірі ұлт пен ұлттың зиялы қауымын біртұтас саяси ұйымның маңайында топтастыру болды. Партия құрылғанға дейін бұл міндетті кейін партияның органы болған «Қазақ» газеті атқарды.

Ақпан революциясынан кейін қазақ ұлтының зиялы қауымының бастамасы бойынша Қазақстанда «Алаш» қозғалысы қалыптаса бастады.

1917 ж. 19 сәуірінде  Орал маңының тарихында қазақтардың алғашқы сайлау арқылы шақырылған съезі өз жұмысын бастады. Бұл съезде облыстың барлық болыстарынан сайланған, қазақ халқының түрлі әлеуметтік тобының өкілдерінен құралған 800 астам адам патша өкіметі құлағаннан кейінгі ең маңызды дүние – саяси және экономикалық бағытты анықтап алулары керек болды.  Заңды білуінен басқа революцияға дейін жоғары ресми мәртебеге ие болған Ж.Досмұхамбетов ұлттық қозғалыс көшбасшыларның қатарынан орын алды. Съезд бір ауыздан Ж.Досмұхамбетовты төраға етіп сайлады. Бірнеше ай өткеннен кейін Орынборда Жалпы қазақтық құрылтай съезі шақырылады – партия құру мәселесі қарастырылады. Жанша оны қазақ халқының ежелгі аты бойынша «Алаш» деп атауды ұсынады. Жалпы қазақтың екінші съезінде «Алашорда» қазақ ұлттық үкіметі құрылады, басшыларының бірі болып Жанша Досмұхамедов сайланады.

Ж.Досмұхамбетов жақтастарымен бірге Оралда Қазақ автономиясын жариялайды.  Азамат соғысы жүріп жатқан 1918 ж. наурызында қазақ ауылдарына қауіп төнуіне байланысты Жанша өзінің досы әрі жақтасы Халел Досмұхамедовпен бірге большевиктердің Қазақ автономиясына деген пікірін білу үшін Мәскеуге келеді. Ленинмен, Сталинмен, Троцкиймен болған кездеу нәтижесінде «Алашорда» мен РСФСР өзара бірін-бірі мойындайтын болып келісіледі. Большевиктер алашордалықтарға материалдық көмек көрсетеді, алайда елге қайтып келе жатқанда Саратовта тұтқынға алынады – Жанша мен Халел Досмұхамбетовтар контрреволюциямен айналысып жүр деген Оралдан хабар жетеді. Жанша тәжірибелі заңгер ретінде босанып шығады да, Оралдан 150 шақырым жердегі Жымпиты кентіне оралады.  Осы жерде 1918 жылдың мамырында Кіші жүз қазақтарының төртінші съезі шақырылады және Жанша Досмұхамбетов жетекшілік еткен «Ойыл уәлаятының» уақытша үкіметі құрылады. Осы жерде Қазақ автономиясы – Ойыл уәлаяты жарияланады.

Орал маңында азаматтық соғыс жүріп жатты. «Алашорданың» батыс бөлімінің жетекшілері большевиктер уәде еткен автономия жайындағы декрет шықпағаннан кейін конфронтацияға баруға мәжбүр болды. Ол кезде Қазақ автономиясының жауы өте көп болды және ешқандай досы болған жоқ – дала халқының еркін ел болғанын ешкім де қаламады. Орал казактары да, Колчак та, құрылтай жиналысының комитеті де – ешкім де Қазақ автономиясын мойындамады, алайда Жанша дипломат ретінде барлығымен байланысып тұрды.

1920 жылы большевиктер даланың барлық аумағында жеңіске жетті. 1920 жылдың 5 наурызында Ж.Досмұхамедовтың үкіметі ресми түрде таратылып, оның мүліктері кеңес ұйымдарына берілді.

Жанша бастаған Қазақ үкіметінің жетекшілерін шұғыл түрде Мәскеуге шақыртады да, Лениннің, Сталинның, Троцкийдің атына Қазақ үкіметінің жұмысы туралы баянхат жазуға мәжбүрлейді. Досмұхамедов барлық жағдайды жан-жақты баяндайды.

Өлкетанушы Ақбаевтың мәліметі бойынша Жаншаның зайыбы Ольга Колоссовская Лениннің әйелі Надежда Крупскаямен жақын қарым-қатынаста болады. Сол себепті де большевиктер көсемі тірі тұрған кезде Жанша қуғынға ұшырамайды.

Бұдан кейін Жанша бірнеше рет тұтқынға алынады. Бір жылға жуық үй қамақта отырады, Воронежге жер аударылып, бірнеше жыл тұтқында болады. Кейін ол бастандыққа шығып, оқытушылықпен айналысады. Тек 1934 жылы Отанына оралуға мүмкіндік туады, түрлі мекемелерде жұмыс істейді. Алайда саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынады.

Жанша өмірінің соңына дейін туған өлкесінің азаттығы идеясына адал болып қалды. Өмірінің соңғы жылын Мәскеуде өткізеді, инсульт алады, жарты денесі сал болып қалады. Соған қарамастан 1938 жылы тұтқынға алынып, халық жауы ретінде атылып кетеді. Қазіргі кезде «Алашорданың» батыс бөлігінің көсемі Жаһанша Досмұхамедовтың есімі халқымен қайта табысты. Оның атымен Сырым ауданындағы мектеп, Оралдағы педагогикалық училище, Жымпиты кентіндегі 1918-1919 жылдары «Ойыл уәлаятының» үкіметі орналасқан ғимарат – аудандық мұражай аталған.  Оралда Жаһаншаға ескерткіш орнатылған.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жаханша Досмухамедов. Первый правитель автономии [Электронный источник]. – Режим доступа : http://gazeta.caravan.kz/articles/zhakhansha-dosmu khamedov-pervyjj-pravitel-avtonomii-articleID116640.html. – Загл. с источника.

2. Мажитов, Р. Жаханша Досмухамедов [Текст] / Р. Мажитов. – Алматы : Арыс, 2007. – 214 с. – (Тұлға. Личность).

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus