Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Серәлі Қожамқұловтың туғанына 125 жыл
29.04.2021
Ақпараттық дерекнама (интернеттен алынған материалдар)

Құрметті оқырмандар!

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Серәлі Қожамқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай ақпараттық дерекнама дайындады.

Ұлтымыздың ұлы актері, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бipi, Қазақ драма театрының тұңғыш режиссері, Социалистік Еңбек Epi атағын алған тұңғыш қазақ әртісі, Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР халық әртіci қазіргі Қарабалық ауд. дүниеге келген.

1913–1916 жж. алдымен Троицк қаласының «Уазифа» мектебінде білім алады. Кейін қысқа мерзімді дайындықтан өтіп, сот мекемелерінде халық тергеушілік қызмет атқарды. 

Елдегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, оқыған қазақ жастарының 1918 ж. Қостанай қаласында құрылған «Қызыл керуен» атты драмалық труппаға қатысты.

1920–1922 жж. Орынбор қ. Татар халық  ағарту институтында білім алды, осы кезеңде «Мұсылмандар клубында» Б. Майлиннің «Қаламқас», «Бетім-ау, құдағи ғой», «Қасқырбай», «Неке қияр» т.б. шағын пьесаларда жеке рөлдерді ойнады. 

1922 ж. Орынбордағы «Қазақстан комсомол жастарының кіндік клубы» аптасына бір рет өткізетін «Шығыс кештерінде» М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еспембет рөлін алғаш рет ойнады (кейін бұл рөл Қожамқұловтың сахнадағы үздік тұлғасына айналды). Өзі де «Подвод» деген күлдіргі скетч жазып, сахнаға шығарды. 

1925 ж. Қызылорда қ. тұңғыш кәсіби Қазақ мем. драма театры ұйымдастырылғанда, С. Қожамқұлов арнайы шақырылды. Театрда Серәлі аға әрі актер әpi режиссер қызметін қоса ақтарып, көрермендер құрметіне бөленді. 

1933 ж. бастап С. Қожамқұлов режиссерлік жұмысынан қол үзе бастайды да, актерлік өнерімен айналысады.

Серке Қожамқұлов сахналық қызметінде бір-біріне ұқсамайтын сан қырлы тұлғалар жасады. Оның алғашқы кинопробасы – «Дала әндері» («Востоккино», 1930) фильміндегі батырақтың рөлі, «Амангелдіде» Бекет ұстаның (1938), «Ақ гүлде» қарт Жағыпардың (1942), «Абай әнінде» Баймағамбеттің (1945), «Алтын мүйізде» шопан Әділбектің (1948), «Алдар көседе» Бидің (1964) т.б. рөлдер орындады.

1936 ж. ол Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне, ал 1962 ж. М. Әуезов ат. Қазақ Академиялық драма театрының Кремль театрындағы гастрольдеріне қатысты. Бұл жылдар актердің жұлдызы жанған жылдар болды. «Абай» спектакліне қатысқаны үшін оған Кеңестер Одағының  Мемлекеттік сыйлығы берілді.

КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Ленин, Октябрь революциясы, Қызыл Ту, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірқатар медальдармен марапатталған, Қостанай қаласының құрметті азаматы.

Алматы қаласында әртіс тұрған үйге (Фурманов көшеci, 117 үй) мемориалдық тақта орнатылды. 

1973 ж. «Сераға» атты телефильм (режиссер Қ. Әбусейітов) жарық көрді.  Жезқазған музыкалық-драма театры мен Алматы қаласында бір көше  Қожамқұлов есімімен аталады.

Серке Қожамқұлов 1979 ж. 31 желтоқсанда 83 жасында Алматы қаласында дүниеден озды.

Серәлі Қожамқұлов туралы ақпаратты төмендегі сілтемелер бойынша табуға болады:


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus