11 наурызда кітапханада Қазақстан
халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан халқының ассамблеясы – мәдениеттер диалогының тамаша үлгісі»
дөңгелек үстелі өтті.
Шараға Қазақстан халқы ассамблеясының Қостанай облыстық хатшылығының
меңгерушісі Б. Б. Аккужина, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ Қазақстан тарихы және
философия кафедрасының профессоры, ҚР және РФ тарих ғылымдарының докторы Д. М. Легкий,
Ұлтаралық мәселелер мен дінаралық келісімді
зерттеу орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов ат.
ҚМУ Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті Ж. А. Шәукенов қатысты.
Шараның
қонақтары өз сөздерінде Ассамблея жұмысының арқасында ұлтаралық және дінаралық
келісімнің тамаша үлгісі жасалғанын, келісім мен өзара түсіністіктің ерекше
ахуалы қалыптасқанын, әр азаматтың ұлты мен дініне қарамастан, Конституция
кепілдік беретін барлық азаматтық құқығы мен еркіндігіне ие екенін және оны
толық пайдалана алатынына сенетіндігін жеткізді.
Сөйлеушілер
республикада Қазақстанның барлық этносының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамытуға
толық жағдай жасалғанын және Ассамблеяның жұмысы ұлтаралық қарым-қатынас
мәселесін тиімді шешіп отырған ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық
деңгейдегі беделінің өсуіне ықпал ететінін атап өтті.
Көрмеге
қойылған әдебиеттерде Ассамблеяның ширек ғасыр ішінде атқарған жұмысы
көрсетілген. Әсіресе Кан Г. В. «Модель межнационального согласия Первого
Президента Казахстана», «Ассамблея народа Казахстана в истории страны»,
«Казахстан – Родина всех своих граждан» кітаптары шараға қатысқандардың ерекше
назарын аударды. |