Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сенім» кітабының тұсаукесері
06.03.2020

4 наурызда Өлкетану әдебиеттері бөлімі белгілі ақын, Махмұд Қашқари атындағы халықаралық сыйлықтың және «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, журналист, көсемсөзші Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің «Сенім» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Автордың кітапханаға сыйға тартқан кітабының лентасын қию құрметі Ақылбек Қожаұлының өзіне және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Сейфолла Шайынғазыға берілді. Шараға сондай-ақ облысқа танымал ақындар, жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Ақылбек Шаяхмет 50 жылдан астам уақыт бойы шығармашылықпен айналысып келеді, сол себепті ол өзінің жаңа кітабын «Сенім» деп атады. Оны жастарға арналған тілек деуге болады, онда барлық адамға тән мейірімділік пен зұлымдық, адамгершілік пен қатыгездік секілді маңызды қасиеттер сөз болады.

Ақылбек Қожаұлы өзінің алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Ал қонақтар авторды жаңа кітабының жарық көруімен құттықтап, оған зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі.

Кітапхана қызметкерлері Ақылбек Шаяхметке арналған «Дара тұлғаға құрмет» кітап көрмесін безендірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus