Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8наурыз
05.03.2020

БЕРКЕНОВА ӘСИЯ Әйіпқызы. 1950 ж. 22 сәуірінде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Сұлукөл а. туған.

1972 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.

1972 және 1997 жылдар аралығында Соснов ауылдық округында, Науырзым және Әулиекөл аудандарында мұғалім болып істеді.

1994 және 1995 жылдары XIII шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Сондай-ақ бірнеше рет ауылдық және аудандық кеңестің депутаты болып сайланды.

Айтысқа 1980 жылдардан бастап қатыса бастады. 40 жылдан астам уақыт бойы облыстың атынан айтысқа түсіп, туған өңірінің намысын қорғады. Көптеген республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы.

1982-1983 жж. ол Қостанай облысы ақындарының арасында өткен айтыста, ал 1984 ж. Алматы қ. Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орынды иеленді. Абылай ханның 280 жылдығына, әнші Мұхиттың 120 жылдығына, балуан Қажымұқанның 120 жылдығына, батыр Жәнібек Шақшақұлының 300 жылдығына арналған шаралары бар өңірлік және республикалық айтыстарда бірнеше дүркін жеңімпаз болды. Әсия Беркенованың жарқын таланты жалпақ жұртқа жайылды.

Өзінің шығармашылық жұмысы кезеңінде Әсия Беркенова көптеген марапаттарға ие болды:

1990 ж. – ұлттық айтыс өнерінде биік нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Қазақ КСР халық ақыны» құрметті атағы;

2006 ж. – «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медалі;

2005 ж. – «Әулиекөл ауданының құрметті азаматы»;

2016 ж. – «Қостанай қаласының құрметті азаматы»;

2016 ж. – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі;

2017 ж. – өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «Қостанай облысының құрметті азаматы»;

«Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі;

«Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі;

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі;

Айтыс өнері мен педагогика саласына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» ордені (ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы жарлығы);

Қостанай меценаттар клубы сыйлығының бірнеше мәрте лауреаты: «Музыкалық өнер» аталымы бойынша «Қазына» сыйлығы (2009 ж.), «Шығармашылық ұжымның жетекшісі»  аталымы бойынша «Қазына» сыйлығы (2015 ж.),«Қазына» арнайы сыйлығы (2017 ж.);

Халық ақыны Омар Шипин атындағы сыйлықтың лауреаты;

Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей жәнеҚазақстан ақындарының арасында өткен халықаралық ақындар айтысының лауреаты.

Қазіргі кезде Әсия Беркенованың есімі поэзияны ұнатушылардың барлығына белгілі. 2001 ж. бастап ол А. Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті жанынан жұмыс істейтін «Өнер» студиясының жетекшісі. Әсия Әйіпқызы жастардың бойына ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті сіңіріп келеді, шеберлікті шыңдаудың жолдарын үйретеді. Сондай-ақ ол Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектепте «Жас ақын» сыныбын ашқан. Бұл жерде ол сөздің қадірін білетін, ұлттық өнерді келешекке жеткізетін жас ұрпақты тәрбиелеп жатыр.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus