Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8наурыз
04.03.2020

ҒАЙСЕНОВА РИММА Ғабдолақызы. 1945 ж. 22 тамызда Қарасу ауданының Қарасу кентінде туған. Урицкий орта мектебінде оқыды. 1967 ж. Абай ат. қазақ мемлекеттік педагогика институтын физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын Урицкий ауыл шаруашылығы техникумында физика мұғалімі болып бастады. 

1968–1972 жж. – Рудный жұмысшы жастардың орта мектебінде физикадан сабақ берді.

1972–1976 жж. – Рудный қ. «Строи­тель» МҮ балалар секторының меңгерушісі.

1976–1980 жж. – «Текстильщик» МҮ директорының орынбасары.

1980–1988 жж. – «Текстильщик» МҮ директоры.

1984 ж. Әл-Фараби ат. Шымкент мәдени педагогика институтын мәдени ағартушы қызметкер, клуб жұмыстарының әдіскер-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша бітірді.

1988–1992 жж. – облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.

1992–2005 жж. – Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы. Оның атсалысуымен алғашқы «Ақжелең» фольклорлық ансамблі құрылды, Қостанайда І.Омаров ат. қазақ драма театры, Арқалықты Жас көрермендер театры (2000), Ы.Алтынсаринның мемориалдық мұражайы ашылды (1991).

2005–2006 жж. – Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры.

2006–2018 жж. – Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы.

Қазіргі кезде Римма Ғабдолақызы құрметті демалыста.

Римма Ғабдолақызы Ғайсенованың ұзақ жылғы және адал қызметі БКООК «Кәсіподақтардың мәдени ағарту мекемелеріндегі үздік қызметі үшін» (1982), «Мәдениет қайраткері» (2001) белгілерімен,  «Ерен Еңбегі үшін» (2000), «Еңбек ардагері» (2014) медальдарымен, көптеген грамоталармен және дипломдармен аталып өтілді.   

 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының халықаралық федерациясына 20 жыл» (2011), «Қазақстан халқының ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қостанай облысына 80 жыл» (2018) мерейтойлық медальдарының иегері.

 Римма Ғабдолақызы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мәдениет аталымы бойынша «Ажар» сыйлығының лауреаты (2003). ҚР бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтан және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтан алғыс хат алған.

Көптеген мемлекеттік марапаттардан тыс ол 2000 жылдың қорытындысы бойынша «Әйел басқаратын үздік кәсіпорын» республикалық байқауының «Мәдениет» аталымы бойынша жеңімпазы болып танылды.

 Қостанай қ. құрметті азаматы (2004). 2005 ж. Қостанай облысының мәдениет саласындағы 30 жылдық еңбегі үшін Меценаттар клубының арнайы сыйлығымен марапатталды. Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының халықаралық федерациясының VІ конгресіне қатысушы. 2014 ж. «Құрмет» орденімен марапатталды.

Күйеуі Қабдола Ахметұлы екеуі екі ұл тәрбиелеп өсірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus