Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8наурыз
03.03.2020

БЕКМҰХАМЕДОВА ГҮЛЖІБЕК БАЕКЕНҚЫЗЫ. Журналист, теледидар журналисі, теледидарлық деректеуші, ҚР Журналистер одағының мүшесі.

1955 ж. 8 ақпанында Әулиекөл к. туған. Гүлжібек Баекенқызы өзін мектепте оқып жүрген кезінен журналистикаға дайындай бастады. Оның «А я люблю своё село» деп аталған алғашқы мақаласы 1968 ж. қыркүйегінде аудандық «Новый путь» газетінде жарық көрді. Журналистің 40-қа жуық жұмысы республикалық «Дружные ребята» балалар газетінде жарияланды.

1972 ж. Қамысты орта мектебін бітіргеннен кейін С. М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түседі.

1978 ж. – еңбек жолын аудандық «Новый путь» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып бастады.

Теледидар оның өмірбаянындағы және қоғамдық жұмысындағы, жалпы өміріндегі жаңа бет болды. 90-шы жылдардың басы теледидар үшін оның қалыптасу кезеңі болды. Гүлжібек Баекенқызы ірі, көпшілігі тікелей эфирде өтетін теледидарлық бағдарламалардың ауыспайтын жүргізушісі болды. Олардың ішінде мәдениетке қолдау көрсетуге, халықтың кедей тобына көмек ұйымдастыруға және т. б. арналған телемарафондар бар.

Гүлжібек Баекенқызының авторлық фильмдері республикалық «Хабар», «Қазақстан», «Астана» арналарында, бірнеше жылдан кейін «Мир» (ТМД) телеарнасында көрсетіле бастады.

Гүлжібек Баекенқызы «Телепортрет» жанрында 50-ден астам деректі фильм түсірді. Оның фильмдерінің басты кейіпкерлері – еңбек адамдары. Оның фильмдерінің негізгі тақырыбы туған жерге, Отанымыздың елеулі кезеңдеріне арналған. Бекмұхамедованың жұмыстары терең философиялық мазмұнымен, сюжеттерінің бейнелілігімен, шынайылығымен ерекшеленеді.

Оның «Президент, как отражение наших мыслей» және «Камшат Доненбаева. Я пришла к тебе, поле!..» деректі фильмдері ҚР тұңғыш Президентінің қорына енді. «Ибрагим Алтынсарин. Проливший свет во тьме» деректі фильмі 1996 ж. Астана қ. Ұлттық білім академиясы өткізген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысында пайдаланылды.

Дарынды журналистің теледидардық деректі жобалары мемлекеттік мұрағаттардың, кітапханалардың, мұражайлардың қорларын жүйелі түрде толықтырып отырады. Солардың негізінде мәдениет және білім беру мекемелерінде мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Теледидарлық деректеушінің барлық шығармашылық циклі отаншылдық бағытта жасалған. Олар адамға деген махаббатқа, оның жасампаз еңбегіне деген сенімге, оның ізгілікке ұмтылысына толы және сонысымен көпшіліктің қызығушылығын тудырып келеді.

Бірқатар облыстық және республикалық шығармашылық байқауларының лауреаты. І Дүниежүзілік рухани келісім конгресіне қатысушы (Алматы, 1992).

Гүлжібек Баекенқызы Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының екі мәрте лауреаты (2012, 2015).

2015 жылы Г.Б. Бекмұхамедоваға Қазақстан журналистикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін және осы салаға сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының құрметтi журналисi» атағы берілді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus